О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1559 "Об утверждении Правил аккредитации в области здравоохранения"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года № 366. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 448

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.06.2015 № 448 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1559 «Об утверждении Правил аккредитации в области здравоохранения» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 42, ст. 408) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах аккредитации в области здравоохранения, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      «8. При прохождении аккредитации для проведения независимой экспертной оценки деятельности субъектов здравоохранения физические лица представляют в аккредитующий орган следующие документы:
      1) заявление на прохождение аккредитации по форме, утвержденной аккредитующим органом, с указанием заявляемой области аккредитации в соответствии с номенклатурой специальностей, утвержденной уполномоченным органом;
      2) копию удостоверения личности;
      3) копию диплома о высшем профессиональном медицинском или фармацевтическом образовании;
      4) копию трудовой книжки или иной документ, подтверждающий наличие стажа работы согласно подпунктам 1), 2) или 3) пункта 8-1 настоящих Правил;
      5) копии документов о повышении квалификации и (или) переподготовки с учетом требований частей второй, третьей пункта 8-1 настоящих Правил (для специалистов, осуществляющих клиническую практику и фармацевтическую деятельность);
      6) копии сертификатов о присвоении первой или высшей квалификационных категорий (для специалистов, осуществляющих клиническую практику);
      7) копии документов о наличии ученых степеней, званий (при их наличии).»;
      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:
      «8-1. К прохождению аккредитации для проведения независимой экспертной оценки деятельности субъектов здравоохранения допускаются физические лица, имеющие стаж работы не менее 7 лет:
      1) в государственных органах в сфере здравоохранения или организациях здравоохранения, осуществлявшие экспертизу качества в сфере медицинских услуг и (или) обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения или медицинской техники;
      2) в организациях медицинского или фармацевтического образования (научно-педагогического состава);
      3) профессиональной медицинской (клиническая практика) и (или) фармацевтической деятельности.
      Лицам, впервые претендующим на получение свидетельства об аккредитации, за исключением лиц, указанных в подпунктах 1), 2) настоящего пункта, необходимо повышение квалификации в организациях образования и науки в области здравоохранения за последние 2 года, по вопросам проведения экспертизы или по основам экспертной деятельности, в общем объеме не менее 216 часов.
      Лицам, повторно претендующим на получение свидетельства об аккредитации, за исключением лиц, указанных в подпунктах 1), 2) настоящего пункта, необходимо повышение квалификации в организациях образования и науки в области здравоохранения за последние 5 лет, по соответствующей специальности и (или) по вопросам управления качества медицинских услуг, в общем объеме не менее 216 часов.»;
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. Субъекту, прошедшему аккредитацию, выдается свидетельство об аккредитации по форме, утверждаемой аккредитующим органом, сроком на 5 лет.»;
      пункт 15 изложить в следующей редакции:
      «15. Медицинские организации для прохождения аккредитации представляют в аккредитующий орган следующие документы:
      1) заявление по форме, утвержденной аккредитующим органом;
      2) копию лицензии с приложением на право осуществления медицинской и (или) фармацевтической деятельности;
      3) копию результатов самооценки на соответствие стандартам аккредитации, проводимого самостоятельно или с привлечением независимых экспертов.
      Государственные юридические лица и юридические лица с участием государства представляют подтверждение собственника имущества юридического лица или уполномоченного собственником органа, либо органа юридического лица, уполномоченного на то учредительными документами, достоверности представленной медицинскими организациями информации, скрепленное печатью юридического лица.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 366 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалауды жүргізуге аккредиттеуден өту кезінде жеке тұлғалар аккредиттеуші органға мынадай құжаттарды:
      1) уәкілетті орган бекіткен мамандықтар номенклатурасына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеуші орган бекіткен нысан бойынша аккредиттеуден өтуге арналған өтінішті;
      2) жеке куәлігінің көшірмесін;
      3) жоғары кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесін;
      4) еңбек кітапшасының көшірмесін немесе осы Ереженің 8-1-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларына сәйкес жұмыс өтілін растайтын өзге де құжатты;
      5) осы Ереженің 8-1-тармағының екінші, үшінші бөліктеріндегі талаптарды ескере отырып (клиникалық практиканы және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар үшін) біліктілікті арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың көшірмелерін;
      6) бірінші немесе жоғары біліктілік санаттарының берілгені туралы сертификаттардың көшірмелерін (клиникалық практиканы жүзеге асыратын мамандар үшін);
      7) ғылыми дәрежелерінің, атақтарының (бар болса) туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін аккредиттеуден өтуге:
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында;
      2) медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында;
      3) кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және (немесе) фармацевтикалық қызметте кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлғалар жіберіледі.
      Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті алғаш рет алуға үміткер адамдардың соңғы 2 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында сараптама жүргізу мәселелері бойынша немесе сараптамалық қызмет негіздері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.
      Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер адамдардың соңғы 5 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында тиісті және (немесе) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Аккредиттеуден өткен субъектіге аккредиттеуші орган бекітетін нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік 5 жыл мерзімге беріледі.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Медициналық ұйымдар аккредиттеуден өту үшін аккредиттеуші органға мынадай құжаттарды:
      1) аккредиттеуші орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;
      2) медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру құқығына қосымшасы бар лицензияның көшірмесін;
      3) өзін-өзі бағалау нәтижелерінің өз бетінше немесе тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізілетін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне көшірмені ұсынады.
      Мемлекеттік заңды тұлғалар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар заңды тұлға мүлкінің меншік иесін немесе меншік иесі өкілеттік берген органның не оған құрылтай құжаттарымен өкілеттік берілген заңды тұлға органының заңды тұлғаның мөрімен бекітілген медициналық ұйымдар ұсынған ақпараттың дұрыстығына растама ұсынады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов