О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 "Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2014 года № 412. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2020 года № 72

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.02.2020 № 72.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280 "Об утверждении Правил формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и о внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 74, ст. 1075) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах формирования и использования региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 10 и 11 исключить;

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Комиссия на основе регионального баланса спроса и предложения, сведений рабочего органа о посевных площадях (плановых), прогнозном урожае, сложившихся ценах за прошедший календарный год, предложения специализированной организации, а также иных сведений определяет перечень, объемы продовольственных товаров, фиксированную цену по ним и вносит акиму области (города республиканского значения, столицы) рекомендации о проведении закупочных интервенций.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Решение акимом области (города республиканского значения, столицы) о проведении закупочной интервенции принимается не позднее двух рабочих дней с момента внесения Комиссией рекомендации о проведении закупочной интервенции.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. По решению Комиссии в целях гарантированного закупа запланированного объема продовольственных товаров, а также поддержки отечественных товаропроизводителей путем заблаговременного финансирования издержек, связанных с производством продовольственных товаров, допускается заключение специализированной организацией фьючерсных и форвардных договоров закупа продовольственных товаров. При этом ответственность за исполнение указанных договоров возлагается на специализированную организацию, заключившую соответствующие договора.";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Рабочий орган совместно со специализированной организацией на постоянной основе проводит анализ внутреннего рынка региона и рынков продукции агропромышленного комплекса (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижения, наличия запасов, цен) и вносит на рассмотрение Комиссии.";

      пункты 30, 31, 32, 33, 34 и 35 изложить в следующей редакции:

      "30. Рекомендация Комиссии о проведении товарных интервенций составляется в виде протокола и подписывается членами Комиссии в день проведения заседания.

      31. В протоколе Комиссии о проведении товарных интервенций указываются перечень продовольственных товаров, подлежащих реализации, их объемы и фиксированные цены по ним для розничной и оптовой реализации.

      32. Фиксированная цена на продовольственный товар для проведения товарной интервенции устанавливается на уровне ниже рыночной с учетом предложений специализированной организации.

      33. Решение о проведении товарных интервенций принимается акимом области (города республиканского значения, столицы) не позднее двух рабочих дней с момента выявления повышения уровня цен, при котором необходимо регулирующее воздействие на агропродовольственный рынок.

      34. Рабочий орган письменно извещает специализированную организацию о необходимости проведения товарных интервенций в день принятия решения акимом области (города республиканского значения, столицы).

      35. Специализированная организация приступает к проведению товарных интервенций со дня получения письменного извещения о принятом решении акима области (города республиканского значения, столицы).";

      пункт 36 исключить;

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. В протоколе Комиссии об освежении стабилизационного фонда указываются перечень продовольственных товаров, подлежащих освежению, их объемы и фиксированные цены по ним для розничной и оптовой реализации с учетом предложений специализированной организации.";

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Решение об освежении стабилизационного фонда принимается акимом области (города республиканского значения, столицы) в течение двух рабочих дней с момента внесения Комиссией рекомендации об освежении стабилизационного фонда.";

      пункт 44 исключить;

      пункт 48 изложить в следующей редакции:

      "48. Реализация продовольственных товаров стабилизационного фонда для товарных интервенций, освежения продовольственных товаров осуществляется специализированной организацией через собственные точки сбыта и (или) торговые сети и (или) оптовые рынки, с которыми предварительно были заключены договоры о реализации с оговоренной торговой надбавкой, а также перерабатывающим предприятиям для производства социально значимых продовольственных товаров.

      При этом цена готового продовольственного товара, произведенного перерабатывающим предприятием, не должна превышать его предельно допустимой розничной цены и должна быть оговорена в договоре о реализации, заключенном специализированной организацией с перерабатывающим предприятием.";

      в приложении к указанным Правилам:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Типовой договор о закупе услуг по формированию и использованию регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров в рамках бюджетной программы "Формирование региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров" по специфике 159 "Оплата прочих услуг и работ";

      в пункте 2 раздела 4. "Обязательства сторон":

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) на постоянной основе проводить анализ внутреннего рынка региона и рынков продукции агропромышленного комплекса (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов, цен), по результатам которого представлять предложения заказчику;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) реализовывать продовольственные товары стабилизационного фонда через собственные точки сбыта и (или) торговые сети и (или) оптовые рынки с которыми предварительно был заключен договор о реализации с оговоренной торговой надбавкой, а также перерабатывающим предприятиям для производства социально значимых продовольственных товаров.

      При этом цена готового продовольственного товара, произведенного перерабатывающим предприятием, не должна превышать его предельно допустимой розничной цены и должна быть оговорена в договоре о реализации, заключенном специализированной организацией с перерабатывающим предприятием;";

      в приложениях 1, 2 и 3 к указанному типовому договору:

      в правом верхнем углу слова и цифры "149 (прочие услуги и работы)" заменить словами и цифрами "159 "Оплата прочих услуг и работ".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 412 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 72 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

      10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комиссия ұсыныс пен сұраныстың өңірлік теңгерімі, жұмыс органының егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтері, мамандандырылған ұйымның ұсынысы, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының тізбесін, көлемін, олар бойынша тіркелген бағаны айқындайды және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымдар енгізеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы шешімі Комиссияның сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымы енгізілген сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдануы тиіс.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларының жоспарланған көлемін кепілді сатып алу, сондай-ақ азық-түлік тауарларын өндірумен байланысты шығындарды алдын ала қаржыландыру жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында мамандандырылған ұйыммен азық-түлік тауарларын сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасасуына жол беріледі. Бұл ретте осы шарттардың орындалуына жауапкершілік тиісті шарттар жасасқан мамандандырылған ұйымға жүктеледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп, өңірдің ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау жүргізеді (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, запастардың болуы, баға) және Комиссияның қарауына енгізеді.";

      30, 31, 32, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Комиссияның тауар интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымы хаттама түрінде жасалады және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.

      31. Комиссияның тауар интервенцияларын жүргізу туралы хаттамасында сатылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек және көтерме саудада сату үшін олар бойынша тіркелген бағалар көрсетіледі.

      32. Тауар интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлiк тауарларының тіркелген бағасы мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, нарық бағасынан төмен деңгейде белгіленеді.

      33. Тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушілік ықпал етуге қажетті баға деңгейінің көтерілгендігін анықтаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.

      34. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымға тауар интервенцияларын жүргізу қажеттілігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні жазбаша түрде хабарлайды.

      35. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тауар интервенцияларын жүргізуге кіріседі.";

      36-тармақ алынып тасталсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Комиссияның тұрақтандыру қорын жаңарту туралы хаттамасында мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, жаңартылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек және көтерме саудада сату үшін олар бойынша тіркелген бағалар көрсетіледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Комиссия тұрақтандыру қорын жаңарту туралы ұсыным енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылдайды.";

      44-тармақ алынып тасталсын;

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін сатуды мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарттар жасасқан сауда желілері және (немесе) көтерме базарлар арқылы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына сатуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасының шеңберінде "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген 159 ерекшелік бойынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт";

      "Тараптардың міндеттері" деген 4-бөлімнің 2-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге ұсыныстар берілетін өңірдің ішкі нарығы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдер нарығына (азық-түлік тауарларының өндіріс көлемі және қамтамасыз етілуі, олардың тауарлық қозғалысы, запастардың болуы, бағалар) талдауды тұрақты негізде жүргізуге;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын өзінің сауда нүктелері арқылы және/немесе келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарт жасасқан сауда желілері және (немесе) көтерме базарлар арқылы өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізуге.

      Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс;";

      көрсетілген үлгілік шартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда:

      жоғарғы оң жақ бұрышындағы "149 (басқа да қызметтер мен жұмыстар)" деген сөздер "159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов