Об утверждении Правил исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных работ, незаконного помещения в психиатрическое или другое лечебное учреждение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 448. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 636

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 636 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 204

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных работ, незаконного помещения в психиатрическое или другое лечебное учреждение.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 4 мая 2014 года № 448

Правила
исполнения судебных актов за счет государственного бюджета
по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного
осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности,
незаконного применения в качестве меры пресечения заключения
под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного
наложения административного взыскания в виде ареста или
исправительных работ, незаконного помещения в психиатрическое
или другое лечебное учреждение

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила исполнения судебных актов за счет государственного бюджета по возмещению вреда, причиненного в результате незаконного осуждения, незаконного привлечения к уголовной ответственности, незаконного применения в качестве меры пресечения заключения под стражу, домашнего ареста, подписки о невыезде, незаконного наложения административного взыскания в виде ареста или исправительных работ, незаконного помещения в психиатрическое или другое лечебное учреждение (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3-1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» (далее – Закон об исполнительном производстве) и устанавливают единый порядок исполнения судебных актов в рамках республиканской бюджетной программы 010 «Резерв Правительства Республики Казахстан» (далее – бюджетная программа) в целях обеспечения своевременного исполнения обязательств по судебным актам.

2. Порядок исполнения судебных актов в рамках
бюджетной программы

      2. Государственный судебный исполнитель после возбуждения исполнительного производства направляет или вручает администратору бюджетной программы копию постановления о возбуждении исполнительного производства с приложением копии исполнительного листа, оформленного в соответствии с требованиями статьи 236 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан и соответствующих судебных актов, после чего администратор бюджетной программы извещает государственного судебного исполнителя о дате получения указанных документов и стадии исполнения судебного акта.
      В случае неисполнения администратором бюджетной программы исполнительного документа в месячный срок со дня поступления копии постановления о возбуждении исполнительного производства и приложенных документов, государственный судебный исполнитель принимает меры по выставлению инкассового распоряжения в установленном законодательством порядке.
      3. Исполнение обязательств Правительства Республики Казахстан, центральных государственных органов, их ведомств и территориальных подразделений по судебным актам обеспечивается из резерва Правительства Республики Казахстан при наличии судебных исполнительных документов на основании решения Правительства Республики Казахстан.
      Разработка и согласование проекта соответствующего решения Правительства Республики Казахстан осуществляется в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      4. Выделенные по решению Правительства Республики Казахстан средства в установленном законодательством порядке и сроки перечисляются администратором бюджетной программы на контрольный счет наличности (счет временного размещения денег) соответствующего государственного учреждения-территориального органа Комитета по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан.
      5. Государственным учреждением-территориальным органом Комитета по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан поступившие средства перечисляются взыскателям в установленном законодательством порядке.

Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 448 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 448 қаулысымен
бекітілген    

Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау
шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы
қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу
жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану,
психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз
орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот
актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) 6-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және сот актілері бойынша міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама) шеңберінде сот актілерін орындаудың бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде сот актілерін орындау
тәртібі

      2. Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғағаннан кейін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 236-бабының және тиісті сот актілерінің талаптарына сәйкес ресімделген атқару парағының көшірмелерін қоса бере отырып, атқарушылық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін жібереді немесе береді, одан кейін бюджеттік бағдарлама әкімшісі мемлекеттік сот орындаушысын көрсетілген құжаттарды алған күні мен сот актілерінің орындалу сатысы туралы хабарлайды.
      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі атқарушылық құжатты атқарушылық іс жүргізуді қорғау туралы қаулының көшірмесі және қоса берілген құжаттар түскен күннен бастап бір ай мерзімде орындамаған жағдайда, мемлекеттік сот орындаушысы заңнамада белгіленген тәртіппен инкассалық өкімді шығару жөнінде шаралар қабылдайды.
      3. Сот актілері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сот атқарушылық құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қамтамасыз етіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің жобасын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша бөлінген қаражатты бюджеттік бағдарлама әкімшісі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті аумақтық органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аударады.
      5. Мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органы келіп түскен қаражатты заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алушыларға аударады.