О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2014 года № 652

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года «О республиканском бюджете на 2014 – 2016 годы» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству внутренних дел Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2014 год на неотложные затраты, средства в сумме 786686000(семьсот восемьдесят шесть миллионов шестьсот восемьдесят шесть тысяч) тенге для перечислению акимату Западно-Казахстанской области в виде целевых трансфертов на проведение берегоукрепительных работ на реке Урал у поселка Облавка Бурлинского района.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 13.10.2014 № 1088.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Акимату Западно-Казахстанской области в срок до 10 ноября 2014 года представить отчет по целевому использованию выделенных средств.
      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 13.10.2014 № 1088.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 652 қаулысы

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы Облавка кентінің маңындағы Орал өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге нысаналы трансферттер түрінде облыс әкімдігіне аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен шұғыл шығындарға 786686000 (жеті жүз сексен алты миллион алты жүз сексен алты мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2014 № 1088 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 2014 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы есеп берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2014 № 1088 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов