О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года № 155 "Об утверждении перечня регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2014 года № 869. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2006 года № 155 «Об утверждении перечня регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий» (САПП Республики Казахстан, 2006., № 8, ст.71) следующие изменение и дополнение:
      в перечне регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий, утвержденном указанным постановлением:
      абзац второй пункта 6-1 изложить в следующей редакции:
      «предоставление в пользование железнодорожных путей с объектами железнодорожного транспорта по договорам концессии при условии отсутствия конкурентного железнодорожного пути.»;
      в пункте 12:
      «услуги водоснабжения» дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      «4) регулирование поверхностного стока при помощи подпорных гидротехнических сооружений;».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 869 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiнде:
      6-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бәсекелес темір жол болмаған жағдайда, концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру.»;
      12-тармақта:
      «сумен жабдықтау қызметтерi» мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегiмен жер үстіндегі ағынды суды реттеу;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов