О некоторых вопросах государственной собственности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2014 года № 884

      В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан от 30 марта 1995 года «О Национальном Банке Республики Казахстан» и подпунктами 2), 3) статьи 11, подпунктом 2) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Передать права субъекта права республиканской собственности в отношении государственных пакетов акций акционерных обществ, находящихся в республиканской собственности, Национальному Банку Республики Казахстан (по согласованию) согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 134 «О некоторых вопросах акционерного общества «Региональный финансовый центр города Алматы» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 29, ст. 383) следующие изменения:
      пункт 3 исключить;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Передать государственный пакет акций акционерного общества «Казахстанская фондовая биржа» Национальному Банку Республики Казахстан (по согласованию).».
      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и Национальному Банку Республики Казахстан (по согласованию) в установленном законодательством порядке принять необходимые меры по реализации пункта 1 настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 5 августа 2014 года № 884

Перечень государственных пакетов акций акционерных обществ,
находящихся в республиканской собственности, передаваемых
Национальному Банку Республики Казахстан


п/п

Наименование акционерного общества

Размер государственного пакета акций, %

1

Акционерное общество «Академия «Региональный финансовый центр города Алматы»

100

2

Акционерное общество «Рейтинговое агентство «Региональный финансовый центр города Алматы»

57

Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 884 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2)3) тармақшыларына, 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша) берілсін.
      2. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 134 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 383-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша) берілсін.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              K. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 884 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілетін
республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар акцияларының
мемлекеттік пакеттерінің тізбесі

Р/с

Акционерлік қоғамның атауы

Акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, %

1

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» акционерлік қоғамы

100

2

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі» акционерлік қоғамы

57