О переводе и предоставлении земельных участков на территории бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона области Абай

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2014 года № 891.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правительства РК от 31.08.2023 № 751 (вводится в действие с 01.01.2024).

      В соответствии со статьями 105, 138, 143 Земельного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правительства РК от 31.08.2023 № 751 (вводится в действие с 01.01.2024).

      1. Перевести земельные участки площадью 119,03 гектара из категории земель запаса на территории бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона области Абай в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 31.08.2023 № 751 (вводится в действие с 01.01.2024).

      2. Предоставить товариществу с ограниченной ответственностью "Казцинк" (далее – предприятие) права временного возмездного землепользования (аренды) сроком до 2039 года на земельные участки, указанные в пункте 1 настоящего постановления, для строительства и эксплуатации полигона промышленных отходов предприятия согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 31.08.2023 № 751 (вводится в действие с 01.01.2024).

      3. Товариществу в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан возместить в доход республиканского бюджета потери сельскохозяйственного производства, вызванные изъятием сельскохозяйственных угодий, для использования их в целях, не связанных с ведением сельского хозяйства.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 5 августа 2014 года № 891

Экспликация земельных участков, предоставляемых на праве временного возмездного землепользования (аренды) товариществу с ограниченной ответственностью "Казцинк"

      Сноска. Приложение - в редакции постановления Правительства РК от 31.08.2023 № 751 (вводится в действие с 01.01.2024).

№ п/п

Общая площадь земельного участка, гектар

Целевое назначение земельного участка

Срок предоставления права

1

2

3

4

1

50,0

для строительства и эксплуатации хранилища промышленных отходов

до 2039 года

2

18,4

для эксплуатации линии электропередачи с автодорогой

до 2039 года

1

2

3

4

3

7,93

для эксплуатации автодороги

до 2039 года

4

42,7

для эксплуатации железной дороги

до 2039 года

Итого

119,03




Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 105, 138, 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы босалқы жерлер санатынан алаңы 119,03 гектар жер учаскелері өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – кәсіпорын) кәсіпорынның өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу және пайдалану үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелеріне 2039 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 891 қаулысына
қосымша

"Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2023 № 751 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Жер учаскесінің жалпы ауданы, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқық беру мерзімі

1

2

3

4

1

50,0

өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау орнын салу және пайдалану үшін

2039 жылға дейін

2

18,4

автожолы бар электр беру желісін пайдалану үшін

2039 жылға дейін

3

7,93

автожолды пайдалану үшін

2039 жылға дейін

4

42,7

теміржолды пайдалану үшін

2039 жылға дейін

Жиыны

119,03