Об определении лицензиаров в сфере архитектуры, градостроительства и строительства и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 69

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года «О разрешениях и уведомлениях» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить местные исполнительные органы по делам архитектуры, градостроительства и строительства лицензиарами по осуществлению деятельности в сфере архитектуры, градостроительства и строительства.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                     К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 18 февраля 2015 года № 69

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2013 года № 89 «О некоторых вопросах лицензирования деятельности в сфере архитектуры, градостроительства и строительства» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 14, ст. 255).
      2. Подпункт 4) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 22 ноября 2013 года № 1254 «О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 66, ст. 895).
      3. Пункт 3 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2014 года № 166 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 13, ст. 115).

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиарларды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 69 қаулысы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиарлар болып айқындалсын.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 69 қаулысына     
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 255-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 1254 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 66, 895-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 166 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 13, 115-құжат).