О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 "О Книге Славы Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 76

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 «О Книге Славы Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 37, ст. 318) следующие изменения:
      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:
      «3. Министерству культуры и спорта Республики Казахстан обеспечить по мере необходимости последующее изготовление Книги Славы и передачу ее в республиканское государственное казенное предприятие «Национальный музей Республики Казахстан» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.
      4. Определить ответственным за ведение и хранение Книги Славы республиканское государственное казенное предприятие «Национальный музей Республики Казахстан» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.»;
      Правила ведения и хранения Книги Славы Республики Казахстан, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 19 февраля 2015 года № 76

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 8 июня 2010 года № 538

Правила
ведения и хранения Книги Славы Республики Казахстан 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения и хранения Книги Славы Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 34 Закона Республики Казахстан от 12 декабря 1995 года «О государственных наградах Республики Казахстан» и определяют порядок ведения и хранения Книги Славы Республики Казахстан (далее – Книга Славы).
      2. Ведение и хранение Книги Славы осуществляются республиканским государственным казенным предприятием «Национальный музей Республики Казахстан» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее – Национальный музей Республики Казахстан).
      3. Контроль за ведением и хранением Книги Славы осуществляется Министерством культуры и спорта Республики Казахстан.

2. Порядок ведения и хранения Книги Славы Республики Казахстан

      4. Ведение Книги Славы заключается во внесении в Книгу Славы записей о награждении лиц, удостоенных знаком высшей степени отличия, орденом «Отан» либо орденом «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев». Запись ведется на государственном языке.
      5. Информация о лицах, удостоенных знаков высшей степени отличия, ордена «Отан» либо ордена «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (далее - информация), в течение 30 рабочих дней после принятия Указа Президента Республики Казахстан о присвоении вышеуказанных государственных наград направляется Администрацией Президента Республики Казахстан (по согласованию) в Министерство культуры и спорта Республики Казахстан.
      6. Министерство культуры и спорта Республики Казахстан направляет полученную за текущий год информацию в Национальный музей Республики Казахстан до 1 марта последующего года.
      7. Национальный музей Республики Казахстан вносит записи о награжденных лицах, содержащие информацию, предусмотренную пунктом 5 настоящих Правил, в Книгу Славы до 1 мая последующего года.
      Внесение записей в Книгу Славы производится один раз в год.
      8. Книга Славы включается в музейный фонд Национального музея Республики Казахстан.
      9. Книга Славы Республики Казахстан помещается на отдельно стоящий пьедестал в Национальном музее Республики Казахстан.
      10. Уничтожение Книги Славы Республики Казахстан не допускается.

"Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 76 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 318-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып белгіленсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 76 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 538 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын (бұдан әрі – Даңқ Кітабы) жүргізу және сақтау тәртібін белгілейді.
      2. Даңқ Кітабын жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы) жүзеге асырады.
      3. Даңқ Кітабының жүргізілуі мен сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау тәртібі

      4. Даңқ Кітабын жүргізу ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, «Отан» орденіне не «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған адамдарды марапаттау туралы жазбаларды Даңқ кітабына енгізуді қамтиды. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі.
      5. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, «Отан» орденіне немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған адамдар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жібереді.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылы алынған ақпаратты келесі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына жібереді.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы келесі жылдың 1 мамырына дейін Даңқ Кітабына осы Ереженің 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын марапатталған тұлғалар туралы жазба енгізеді.
      Даңқ Кітабына жазбаларды енгізу жылына бір рет жүргізіледі.
      8. Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының мұражай қорына енгізіледі.
      9. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында жеке қойылған тұғырға орналастырылады.
      10. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жоюға жол берілмейді.