О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2012 года № 1092 "Об утверждении Правил компенсации права безвозмездной приватизации служебного жилища, которое не подлежит приватизации, в том числе вследствие его расположения в закрытых и обособленных военных городках, пограничных заставах и в комендатурах"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 159. Утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 50.

      Сноска. Утратил силу постановлением Правительства РК от 12.02.2018 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2012 года № 1092 "Об утверждении Правил компенсации права безвозмездной приватизации служебного жилища, которое не подлежит приватизации, в том числе вследствие его расположения в закрытых и обособленных военных городках, пограничных заставах и в комендатурах" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 67, ст. 968) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах компенсации права безвозмездной приватизации служебного жилища, которое не подлежит приватизации, в том числе вследствие его расположения в закрытых и обособленных военных городках, пограничных заставах и в комендатурах, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Выплата денежной компенсации производится на основании приказа руководителя республиканского государственного учреждения Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, на балансе которого находится служебное жилище (далее - государственное учреждение), занимаемое получателем.

      Выплата денежной компенсации получателям Комитета национальной безопасности Республики Казахстан производится на основании приказа руководителя или заместителей руководителя государственного органа.";

      подпункт 3) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "3) отсутствия у получателя и постоянно совместно проживающих с ним членов его семьи жилища на праве собственности на территории Республики Казахстан и на праве постоянного пользования в данном населенном пункте жилища из коммунального жилищного фонда.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Размер денежной компенсации определяется путем умножения количества постоянно совместно проживающих членов семьи получателя, включая его самого, на нормы положенной полезной площади (18 квадратных метров) и цену одного квадратного метра продажи нового жилья в среднем по республике за январь текущего года согласно данным уполномоченного органа в области государственной статистики, публикуемым на его официальном сайте в соответствии с планом статистических работ.";

      в части второй пункта 8:

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) справка территориального органа юстиции (о наличии или отсутствии у получателя и постоянно совместно проживающих с ним членов семьи жилища, принадлежащего им на праве собственности на территории Республики Казахстан);";

      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:

      "5-1) справка местного исполнительного органа (о наличии или отсутствии у получателя и постоянно совместно проживающих с ним членов семьи в постоянном пользовании в данном населенном пункте жилища из коммунального жилищного фонда);";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Документы, указанные в пункте 8 настоящих Правил, представляются получателями в государственное учреждение, за исключением получателей Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      Получатели Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном порядке представляют документы, указанные в пункте 8 настоящих Правил, в подразделение, на которое возложена функция учета служебного жилища, (далее - подразделение) в котором получатель проходит службу.

      Проверка документов, представленных получателем, и доведение ее результатов проводятся государственным учреждением либо подразделением не позднее пятнадцати рабочих дней со дня регистрации рапорта (заявления). В случае несоответствия представленных документов, государственное учреждение либо подразделение возвращают их получателю для доработки. При повторном обращении получателя рапорт (заявление) считается поданным в день его повторной регистрации.

      Результаты проверки представленных документов в установленном порядке выносятся на рассмотрение жилищной комиссии государственного учреждения.

      Результаты проверки представленных документов получателей Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном порядке выносятся на рассмотрение жилищной комиссии государственного органа, в котором получатель проходит службу.

      Протокол заседания жилищной комиссии государственного учреждения или государственного органа, в котором получатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан проходит службу, утверждается не позднее двадцати рабочих дней со дня регистрации рапорта (заявления).

      Не позднее десяти рабочих дней со дня утверждения протокола заседания жилищной комиссии государственного учреждения или государственного органа, в котором получатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан проходит службу, приказ о выплате денежной компенсации военнослужащим Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан издается руководителем государственного учреждения, а получателям Комитета национальной безопасности Республики Казахстан - руководителем или заместителем руководителя государственного органа, в котором получатель проходит службу.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Получатели, которым была выплачена денежная компенсация, сдают служебное жилище в установленном порядке не позднее одного месяца со дня увольнения с воинской службы.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Кадровая служба приобщает в личное дело получателя копию приказа о выплате денежной компенсации и производит соответствующую запись, которая заверяется подписью и гербовой мастичной печатью государственного учреждения.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 159 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 968-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ақшалай өтемақы төлеу балансында алушы тұратын қызметтік тұрғын үй тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік орган басшысының немесе басшысы орынбасарларының бұйрығы негізінде жүргізіледі.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында және тұрақты пайдалану құқығында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болмауы.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ақшалай өтемақы мөлшері алушының өзін қоса алғанда, бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің санын тиесілі пайдалы аудан нормаларына (18 шаршы метр) және статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын деректеріне сәйкес орта есеппен алғанда республика бойынша ағымдағы жылғы қаңтардағы жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту жолымен айқындалады.";

      8-тармақтың екінші бөлігінде:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) аумақтық әділет органының анықтамасы (алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің бар-жоғы туралы);";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жергілікті атқарушы органның анықтамасы (алушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тұрақты пайдалануында осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар-жоғы туралы);";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларын қоспағанда мемлекеттік мекемеге ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алушы қызмет өткеретін қызметтік тұрғын үйді есепке алу функциясы жүктелген бөлімшеге (бұдан әрі — бөлімше) ұсынады.

      Мемлекеттік мекеме не бөлімше баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей алушы ұсынған құжаттарды тексеруді және оның нәтижелерін алушыға жеткізуді жүргізеді. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік мекеме не бөлімше оларды алушыға пысықтауға қайтарады. Алушы қайтадан өтініш білдірген кезде баянат (өтініш) қайтадан тіркелген күні берілген деп есептеледі.

      Ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының қарауына шығарылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушылары ұсынған құжаттарды тексеру нәтижелері белгіленген тәртіппен алушы қызмет өткеретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясының қарауына шығарылады.

      Мемлекеттік мекеменің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушысы қызмет өткеретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.

      Мемлекеттік мекеменің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушысы қызмет өткеретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты мемлекеттік мекеменің басшысы, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алушыларына ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты алушы қызмет өткеретін мемлекеттік органның басшысы немесе басшысының орынбасары шығарады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ақшалай өтемақы төленген алушылар әскери қызметтен босатылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей белгіленген тәртіппен қызметтік тұрғын үйді тапсырады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кадр қызметі ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықтың көшірмесін алушының жеке ісіне қоса тіркейді және тиісті жазуды жүргізеді, ол қойылған қолмен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мастикалық мөрімен расталады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов