Об определении условий предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" для обеспечения конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 227

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Предоставить акционерному обществу «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» (далее – заемщик) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года «О республиканском бюджете на 2015 – 2017 годы» бюджетный кредит на следующих условиях предоставления кредита заемщику в сумме 8862000000 (восемь миллиардов восемьсот шестьдесят два миллиона) тенге на основании заключения центрального уполномоченного органа по государственному планированию по инвестиционному проекту «Обновление парка пассажирских вагонов», предполагаемому к финансированию за счет предоставления бюджетного кредита, от 30 января 2014 года № 25-2/24622 и договора на закуп железнодорожных пассажирских вагонов между акционерным обществом «Пассажирские перевозки» и товариществом с ограниченной ответственностью «Тулпар-Тальго» на 2014-2019 годы от 26 июня 2013 года № 6-34/ЦЛП:
      1) целью кредита является обновление парка подвижного состава железнодорожных пассажирских вагонов акционерного общества «Пассажирские перевозки» путем предоставления бюджетного кредита;
      2) кредит предоставляется на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 30 (тридцать) лет по ставке вознаграждения, равной 0,05 (ноль целых пять сотых) процента годовых, с десятилетним льготным периодом по погашению основного долга;
      3) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями по истечении срока льготного периода, указанного в настоящем подпункте, с возможностью досрочного погашения основного долга;
      4) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с годовой периодичностью (первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 12 (двенадцать) месяцев с момента перечисления кредита на счет заемщика);
      5) период освоения для заемщика составляет 3 (три) года со дня перечисления кредита на счет заемщика.
      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.
      3. Сторонами кредитного договора являются Министерство финансов Республики Казахстан (далее – кредитор), Министерство национальной экономики Республики Казахстан (далее – администратор) и заемщик.
      4. Кредитору и администратору в установленном законодательством порядке обеспечить заключение кредитного договора, указанного в пунктах 2 и 3 настоящего постановления.
      5. Администратору в установленном законодательством порядке обеспечить контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания кредита.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан

 К. Масимов

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 227 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) бюджеттік кредит беру есебінен қаржыландыру болжанатын «Жолаушылар вагондары паркін жаңарту» инвестициялық жобасы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 25-2/24622 қорытындысының және «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен «Тұлпар-Тальго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2014 - 2019 жылдарға арналған 2013 жылғы 26 маусымдағы № 6-34/ЦЛП теміржол жолаушылар вагондарын сатып алу шартының негізінде қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттарында 8862000000 (сегіз миллиард сегіз жүз алпыс екі миллион) теңге сомасында бюджеттік кредит берілсін:
      1) кредиттің мақсаты бюджеттік кредит беру арқылы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының теміржол жолаушылар вагондарының жылжымалы құрамының паркін жаңарту болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен негізгі борышты өтеу бойынша он жылдық жеңілдікті кезеңмен жылдық 0,05 (нөл бүтін жүзден бес) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30 (отыз) жыл мерзімге беріледі;
      3) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен осы тармақшада көрсетілген жеңілдікті кезеңнің мерзімі аяқталған соң тең үлестермен жүзеге асырады;
      4) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады (есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит қарыз алушының шотына аударылған кезден бастап 12 (он екі) ай өткен соң жүргізіледі);
      5) қарыз алушы үшін игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
      2. Кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі — кредит беруші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - әкімші) және қарыз алушы кредиттік шарттың тараптары болып табылады.
      4. Кредит беруші мен әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кредиттік шартты жасасуды қамтамасыз етсін.
      5. Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов