Об определении поставщика товара

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 997. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2018 года № 464 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.07.2018 № 464 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 34) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", поручением Президента Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 4175 и в целях своевременного проведения профилактических мероприятий против ящура животных Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 18.05.2017 № 274 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить Федеральное государственное бюджетное учреждение "Федеральный центр охраны здоровья животных" (Российская Федерация, город Владимир) поставщиком очищенной вакцины против ящура.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. МАСИМОВ


Тауар берушіні айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 997 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 464 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.07.2018 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 4175 тапсырмасына сәйкес және жануарлардың аусылына қарсы профилактикалық іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2017 № 274 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Жануарлардың саулығын қорғаудың федералдық орталығы" федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Ресей Федерациясы, Владимир қаласы) аусылға қарсы тазартылған вакциналарды беруші ретінде айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов