Об установлении размера оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1110. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2018 года № 833 (вводится в действие с 01.01.2019)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.12.2018 № 833 (вводится в действие с 01.01.2019).
      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      В соответствии со статьей 112 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 31 октября 2015 года, пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 5 декабря 1997 года "Об адвокатской деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить следующие размеры оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством (далее – размер оплаты), в случаях, предусмотренных статьей 6 Закона Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности":

      1) 1/10 минимального размера заработной платы, устанавливаемого законодательством Республики Казахстан, за один час:

      участия на любой стадии производства по уголовному делу в качестве защитника подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного за совершение особо тяжкого преступления, а также в качестве представителя лица, признанного потерпевшим вследствие особо тяжкого преступления;

      свидания с подзащитным, содержащимся под стражей или отбывающим наказание в учреждении уголовно-исполнительной системы за совершение особо тяжкого преступления;

      составления ходатайств, жалоб на действия (бездействие) и решения дознавателя, следователя, прокурора и суда, апелляционной, кассационной и иных жалоб в защиту подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного за совершение особо тяжкого преступления, или в интересах лица, признанного потерпевшим вследствие особо тяжкого преступления;

      2) 1/15 минимального размера заработной платы, устанавливаемого законодательством Республики Казахстан, за один час:

      участия на любой стадии производства по уголовному делу в качестве защитника подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного за совершение тяжкого преступления, а также в качестве представителя лица, признанного потерпевшим вследствие тяжкого преступления;

      свидания с подзащитным, содержащимся под стражей или отбывающим наказание в учреждении уголовно-исполнительной системы за совершение тяжкого преступления;

      составления ходатайств, жалоб на действия (бездействие) и решения дознавателя, следователя, прокурора и суда, апелляционной, кассационной и иных жалоб в защиту подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного за совершение тяжкого преступления, или в интересах лица, признанного потерпевшим вследствие тяжкого преступления;

      3) 1/21 минимального размера заработной платы, устанавливаемого законодательством Республики Казахстан, за один час:

      участия на любой стадии производства по уголовному делу в качестве защитника подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного за совершение уголовного проступка или преступления небольшой или средней тяжести, а также в качестве представителя лица, признанного потерпевшим вследствие уголовного проступка или преступления небольшой или средней тяжести;

      защиты на любой стадии производства по делу об административном правонарушении лица, привлекаемого к административной ответственности;

      представительства лица, освобожденного от оплаты юридической помощи и возмещения расходов, связанных с представительством в производстве по гражданскому делу и отнесении их за счет бюджетных средств;

      составления ходатайств, жалоб на действия (бездействие) и решения дознавателя, следователя, прокурора и суда, апелляционной, кассационной и иных жалоб в защиту подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, осужденного за совершение уголовного проступка или преступления небольшой или средней тяжести, или в интересах лица, признанного потерпевшим вследствие уголовного проступка или преступления небольшой или средней тяжести либо жалоб по делу об административном правонарушении или по гражданскому делу;

      свидания с лицом, содержащимся под стражей или отбывающим наказание в учреждении уголовно-исполнительной системы за совершение преступления небольшой или средней тяжести, либо лицом, подвергнутым административному задержанию;

      правового консультирования физических лиц в случаях их обращения к адвокату;

      4) 1,5 от размера оплаты, установленного подпунктами 1) – 3) пункта 1 настоящего постановления, за один час участия в допросе подозреваемого в случае, не терпящем отлагательства, ночное время, выходные и праздничные дни, в течение которых истекают сроки, установленные частью третьей статьи 64 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, в зависимости от категории инкриминируемого преступления;

      5) 50 процентов от размера оплаты, установленного подпунктом 3) пункта 1 настоящего постановления, за время ожидания адвокатом начала следственного или иного действия, начала судебного заседания или его продолжения в случае отложения;

      6) возмещение расходов, связанных с выездом в командировку в другую местность в пределах Республики Казахстан для осуществления защиты или представительства по конкретному делу, в размерах, установленных для работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств государства.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2015 года № 1110

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года № 1247 "О Правилах оплаты труда лиц, оказывающих гарантированную государством юридическую помощь, учета юридической помощи, оказанной адвокатом, и возмещения расходов, связанных с консультированием, защитой и представительством, а также размере оплаты его труда" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 42, ст. 384).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2001 года № 1683 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года № 1247" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 48, ст. 571).

      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2005 года № 978 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года № 1247" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 36, ст. 503).

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2010 года № 681 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года № 1247" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 41, ст. 366).

      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1579 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года № 1247 "О Правилах оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатами, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством, за счет средств республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 88, ст. 1085).

Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 833 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.12.2018 № 833 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына, "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мынадай мөлшерлері (бұдан әрі – ақы төлеу мөлшері) белгіленсін:

      1) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/10 ең төменгі жалақы мөлшері;

      аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның қорғаушысы ретінде, сондай-ақ аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысына қатысу;

      аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күзетпен қамаудағы қорғалушымен немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқанмен кездесу;

      аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғауға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне өтінішхаттар, шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар жасау;

      2) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/15 ең төменгі жалақы мөлшері:

      ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғаның қорғаушысы ретінде, сондай-ақ ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысына қатысу;

      ауыр қылмыс жасағаны үшін күзетпен қамаудағы қорғалушымен немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқанмен кездесу;

      ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау немесе ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне өтінішхаттар, шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар жасау;

      3) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/21 ең төменгі жалақы мөлшері:

      қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның қорғаушысы ретінде, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысына қатысу;

      әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қорғау;

      заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамға өкілдік ету және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу;

      қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне өтінішхаттар, шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар жасау;

      онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күзетпен қамаудағы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан адаммен не әкімшілік ұсталған адаммен кездесу;

      адвокатқа жүгінген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық кеңес беру;

      4) айып тағылған қылмыстың санатына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 64-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдер өтетін түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері кейінге қалдыруға болмайтын, күдіктіден жауап алуға қатысқан бір сағат үшін осы қаулының 1-тармағының 1)3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5;

      5) адвокаттың тергеу немесе өзге де іс-қимылдың басталуын, сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда жалғасын күткен уақыты үшін осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;

      6) нақты іс бойынша қорғау немесе өкілдік ету үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды мемлекет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде өтеу.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1110 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 42, 384-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 571-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 978 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 503-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 681 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 366-құжат).

      5. "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1579 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 88, 1085-құжат).