Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих в доверительное управление

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1126. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2023 года № 479.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.06.2023 № 479 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи имущества государственных служащих в доверительное управление.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахcтан
К. Масимов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 2015 года № 1126

Правила
передачи имущества государственных служащих
в доверительное управление

      Настоящие Правила передачи имущества государственных служащих в доверительное управление (далее – Правила) разработаны в соответствии с Конституцией Республики Казахстан от 30 августа 1995 года, Гражданским кодексом Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года, Законом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и определяют порядок передачи имущества государственных служащих в доверительное управление.

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 29.01.2020 № 18 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) доверительное управление – деятельность доверительного управляющего по управлению от своего имени имуществом государственного служащего, переданным в его владение, пользование и распоряжение, осуществляемая в интересах государственного служащего или другого указанного им лица (выгодоприобретателя) в пределах полномочий, установленных договором на доверительное управление;

      2) доверительный управляющий – любое лицо, по выбору государственного служащего, осуществляющее доверительное управление имуществом государственного служащего на основании соответствующего договора.

      2. Государственный служащий по своему усмотрению с учетом требований законодательства определяет объем правомочий, делегируемых доверительному управляющему.

      3. Государственный служащий имеет право получать доход от переданного в доверительное управление имущества.

2. Порядок передачи имущества государственных служащих
в доверительное управление

      4. Доверительное управление имуществом государственного служащего возникает (учреждается) на основании:

      1) сделки;

      2) административного акта.

      5. Государственный служащий в течение тридцати календарных дней со дня вступления в должность на время прохождения государственной службы передает в доверительное управление находящиеся в его собственности доли, акции (акцию) в уставном капитале коммерческих организаций и иное имущество, использование которого влечет получение доходов, за исключением денег, законно принадлежащих этому лицу, а также имущества, переданного в имущественный наем.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 29.01.2020 № 18 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      6. Государственный служащий предоставляет нотариально засвидетельствованную копию договора на доверительное управление имуществом в десятидневный срок со дня нотариального засвидетельствования в службу управления персоналом (кадровую службу) государственного органа по месту работы.

      7. В случае расторжения договора на доверительное управление имуществом одной из сторон, государственный служащий уведомляет об этом в течение тридцати календарных дней службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы, а имущество, подлежащее передаче в доверительное управление, в течение тридцати календарных дней после расторжения договора вновь передается в доверительное управление с представлением в службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы нотариально засвидетельствованной копии договора в порядке, установленном настоящими Правилами.

      Сноска. Пункт 7 в редакции постановления Правительства РК от 29.01.2020 № 18 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      8. Договор доверительного управления имуществом, наряду с общими основаниями прекращения обязательств, прекращается:

      1) смертью гражданина - доверительного управляющего, объявления его умершим, признанием его недееспособным или ограниченно дееспособным, безвестно отсутствующим; ликвидацией юридического лица - доверительного управляющего;

      2) отказом доверительного управляющего или государственного служащего в связи с невозможностью для доверительного управляющего лично осуществлять управление доверенным имуществом;

      3) отказом государственного служащего от исполнения договора, при условии выплаты доверительному управляющему убытков и вознаграждения, если оно предусматривалось договором;

      4) отказом доверительного управляющего в случае несообщения ему о передаче в управление обремененного залогом имущества с выплатой ему вознаграждения, если оно предусматривалось договором.

      9. Любая последующая информация о прекращении действия договора на доверительное управление имуществом или его перезаключении представляется государственным служащим в десятидневный срок после наступления указанных событий в службу управления персоналом (кадровую службу) государственного органа по месту работы.

      При перезаключении договора на доверительное управление имуществом его нотариально засвидетельствованная копия предоставляется в службу управления персоналом (кадровую службу) государственного органа по месту работы в порядке, установленном настоящими Правилами.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 2015 года № 1126

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2000 года № 99 "Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих в доверительное управление" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 3, ст. 38).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2000 года № 958 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2000 года № 99" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 27, ст. 321).

      3. Пункт 2 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2008 года № 283 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 16, ст. 149).

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2011 года № 508 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2000 года № 99" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 38, ст. 460).

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.06.2023 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

      Осы Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) сенімгерлік басқару – сенімгер басқарушының сенімгерлік басқару шартында белгіленген өкілеттіктер шегінде өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін мемлекеттік қызметшінің мүддесі немесе ол көрсеткен басқа адамның (пайда алушының) мүддесі үшін өз атынан жүзеге асыратын басқару жөніндегі қызметі;

      2) сенімгер басқарушы – тиісті шарттың негізінде мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің таңдауы бойынша кез келген адам.

      2. Мемлекеттiк қызметшi заңнама талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенімгерлік басқарушыға берiлетiн құқықтылықтар көлемiн айқындайды.

      3. Мемлекеттiк қызметшiнiң сенімгерлік басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар.

2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқару:

      1) мәмiле;

      2) әкiмшiлiк актiнiң негiзiнде туындайды (белгіленеді).

      5. Мемлекеттiк қызметшi лауазымға кiрiскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметтi атқару уақытында сенімгерлік басқаруға береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Мемлекеттік қызметші мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзімде жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) береді.

      7. Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқару шартын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етеді, ал сенімгерлік басқаруға беруге жататын мүлік шарт бұзылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен шарттың нотариат куәландырған көшірмесін жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) бере отырып, қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:

      1) сенiмгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлдi деп жариялағанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенiмгер басқарушы таратылғанда;

      2) сенiм бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру сенiмгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенiмгер басқарушы немесе мемлекеттік қызметші бас тартқанда;

      3) сенiмгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда мемлекеттік қызметші шартты орындаудан бас тартқанда;

      4) егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенiмгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.

      9. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасалуы туралы кез келген кейiнгi ақпаратты мемлекеттік қызметші көрсетілген оқиғалар басталғаннан кейін он күн мерзімде жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынады.

      Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қайтадан жасалған кезде оның нотариат куәландырған көшірмесі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1126 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 3, 38-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы № 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 27, 321-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 283 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 149-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 508 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 460-құжат).