О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1134

      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 67) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:
      «16-1. Порядок назначения и выплаты стипендии обучающимся автономной организацией образования «Назарбаев Университет» определяется в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 января 2011 года «О статусе «Назарбаев Университет», «Назарбаев Интеллектуальные школы» и «Назарбаев Фонд».»;
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      «17. Обучающимся по государственному образовательному заказу размер ежемесячной государственной стипендии устанавливается:
      1) студентам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования, – 20949 (двадцать тысяч девятьсот сорок девять) тенге;
      2) интернам – 37945 (тридцать семь тысяч девятьсот сорок пять) тенге;
      3) магистрантам – 53530 (пятьдесят три тысячи пятьсот тридцать) тенге;
      4) магистрантам, обучающимся в автономной организации образования «Назарбаев Университет», – 100 000 (сто тысяч) тенге;
      5) докторантам – 81998 (восемьдесят одна тысяча девятьсот девяносто восемь) тенге;
      6) слушателям резидентуры и магистрантам здравоохранения – 61561 (шестьдесят одна тысяча пятьсот шестьдесят одна) тенге.»;
      пункты 18 и 19 изложить в следующей редакции:
      «18. Государственная стипендия студентов организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального (училищ, колледжей), послесреднего образования, устанавливается на уровне 80 (восемьдесят) процентов от размера ежемесячной государственной стипендии студентов организаций образования, реализующих образовательные программы высшего образования.
      19. Слушателям подготовительных отделений высших учебных заведений размер государственной стипендии устанавливается на уровне  85 (восемьдесят пять) процентов от размера ежемесячной государственной стипендии студентов, обучающихся в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования.»;
      приложение к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 30 декабря 2015 года № 1134

Приложение         
к Правилам назначения, выплаты
и размеров государственных  
стипендий обучающимся в    
организациях образования   

               Размеры повышения государственных стипендий

№ п/п

Перечень стипендиатов

Размеры повышения в процентах к установленному размеру государственной стипендии, %

1

2

3

1

Инвалидам по зрению и инвалидам по слуху, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального (училищах, колледжах), послесреднего, высшего и послевузовского образования;

75

2

Студентам, магистрантам и интернам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального (училищах, колледжах), послесреднего, высшего и послевузовского образования, приравненным в соответствии с Законом Республики Казахстан «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» по льготам и гарантиям к инвалидам войны;

50

3

Студентам, магистрантам и интернам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального (училищах, колледжах), послесреднего, высшего и послевузовского образования, из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей и находящихся под опекой (попечительством) граждан;

30

4

Студентам, магистрантам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального (училищах, колледжах), послесреднего, высшего и послевузовского образования, имеющим по результатам экзаменационной сессии (кроме студентов, получающих государственные именные стипендии и стипендии Президента Республики Казахстан) только оценки «отлично»

15

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларына стипендия тағайындау және төлеу тәртібі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге;
      2) интерндерге – 37945 (отыз жеті мың тоғыз жүз қырық бес) теңге;
      3) магистранттарға – 53530 (елу үш мың бес жүз отыз) теңге;
      4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 100 000 (бір жүз мың) теңге;
      5) докторанттарға – 81998 (сексен бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз) теңге;
      6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 61561 (алпыс бір мың бес жүз алпыс бір) теңге мөлшерінде белгіленеді.»;
      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
      «18. Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді.
      19. Жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендияның мөлшері жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.»;
      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

      Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің        
      2015 жылғы 30 желтоқсандағы
      № 1134 қаулысына     
      қосымша          

      Білім беру ұйымдарында білім
      алушыларға мемлекеттік  
      стипендияларды тағайындау,
      төлеу қағидаларына     
      қосымша          

Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері

Р/с №

Стипендиаттар тізбесі

Белгіленген мемлекеттік стипендия көлемінен пайызға шаққандағы ұлғайту мөлшері, %

1

2

3

1

Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге;

75

2

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге;

50



3

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге;



30
 
 

4

Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге, магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа).

15