Об утверждении Правил ведения учета бесплатной юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1150. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2018 года № 833 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.12.2018 № 833 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 5 декабря 1997 года "Об адвокатской деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения учета бесплатной юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. МАСИМОВ

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 декабря 2015 года № 1150

Правила ведения учета бесплатной юридической помощи в виде
правового консультирования, оказанной адвокатом
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения учета бесплатной юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 6 Закона Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности" (далее – Закон).

      2. Правила определяют порядок учета оказанной адвокатом юридической помощи в виде правового консультирования физических лиц, указанных в пункте 1 статьи 6 Закона.

2. Порядок ведения учета бесплатной юридической помощи в виде
правового консультирования, оказанной адвокатом

      3. Учет бесплатной юридической помощи в виде правового консультирования физических лиц, указанных в пункте 1 статьи 6 Закона, ведется адвокатом в реестре учета бесплатной юридической помощи в виде правового консультирования, оказанной адвокатом (далее – реестр).

      4. Реестр составляется на бумажном носителе в форме журнала. Журнал должен быть пронумерован, прошнурован и скреплен печатью юридической консультации либо адвокатской конторы, а в случае осуществления адвокатской деятельности индивидуально – печатью адвоката. Реестр ведется по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Реестр заполняется на государственном или русском языках чернилами черного или синего цвета. Подчистки записей реестра с применением корректирующей жидкости не допускаются.

      6. Реестр содержит следующие графы, обозначающие:

      графа 1 – порядковый номер;

      графа 2 – дата обращения физического лица за юридической помощью;

      графа 3 – фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица;

      графа 4 – наименование и реквизиты документа, удостоверяющего личность лица, обратившегося за юридической помощью, а в случае обращения за юридической помощью представителя – также и документа, удостоверяющего полномочия представителя;

      графа 5 – наименование и реквизиты документа, являющегося основанием для оказания юридической помощи в виде правового консультирования;

      графа 6 – место жительства физического лица или его представителя;

      графа 7 – суть правового вопроса;

      графа 8 – форма оказанной юридической помощи (оказание устной или письменной консультации, составление заявления, жалобы, ходатайства и других документов правового характера);

      графа 9 – продолжительность времени занятости адвоката в связи оказанием юридической помощи;

      графа 10 – дата, подпись физического лица или его представителя о получении юридической помощи;

      графа 11 – дата, подпись адвоката.

      7. Сведения подлежат включению в реестр в день обращения физического лица за юридической помощью или в день фактического оказания юридической помощи.

      8. Реестр подлежит хранению в течение трех лет.

  Приложение
к Правилам ведения учета
бесплатной юридической помощи
в виде правового консультирования,
оказанной адвокатом

      Форма

Реестр учета бесплатной юридической помощи в виде
правового консультирования, оказанной адвокатом

№ п/п

Дата обращения физического лица за юридической помощью

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица

Наименование и реквизиты документа, удостоверяющего личность лица, обратившегося за юридической помощью, а в случае обращения за юридической помощью представителя также и документа, удостоверяющего полномочия представителя

Наименование и реквизиты документа, являющегося основанием для оказания юридической помощи в виде правового консультирования

Место жительства физического лица или его представителя

Суть правового вопроса

Форма оказанной юридической помощи

Продолжительность времени занятости адвоката в связи оказанием юридической помощи

Дата, подпись физического лица или его представителя о получении юридической помощи

Дата, подпись адвоката

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 833 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.12.2018 № 833 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген

Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін есепке алу тәртібі айқындалады.

2. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу тәртібі

      3. Адвокат Заңның 6-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алу тізілімінде (бұдан әрі - тізілім) жүргізеді.

      4. Тізілім журнал нысанындағы қағаз жеткізгіште жасалады. Журнал нөмірленуге, тігілуге және заң консультациясының немесе адвокат кеңсесінің мөрімен, ал адвокаттық қызмет жеке дара жүргізілген жағдайда – адвокаттың мөрімен бекемделуге тиіс.

      Тізілім осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      5. Тізілім қара немесе көк түсті сиямен мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады. Тізілім жазбаларын түзетуші сұйықтық қолданумен тазартуға жол берілмейді.

      6. Тізілім мынаны білдіретін бағандардан тұрады:

      1-баған – реттік нөмірі;

      2-баған – жеке тұлғаның заң көмегіне жүгінген күні;

      3-баған – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

      4-баған – заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, ал заң көмегін алуға өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың да атауы мен деректемелері;

      5-баған – құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін алу үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері;

      6-баған – жеке тұлғаның немесе оның өкілінің тұрғылықты жері;

      7-баған – құқықтық мәселенің мәні;

      8-баған – көрсетілген заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, арызды, шағымды, өтінішхатты және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау);

      9-баған – заң көмегін көрсетуге байланысты адвокаттың жұмыс жасау уақытының ұзақтығы;

      10-баған – күні, жеке тұлғаның немесе оның өкілінің заң көмегін алуы туралы қолы;

      11-баған – күні, адвокаттың қолы.

      7. Мәліметтер жеке тұлғаның заң көмегіне жүгінген күні немесе заң көмегі нақты көрсетілген күні тізілімге енгізіледі.

      8. Тізілім үш жыл бойы сақталуға жатады.

  Адвокат көрсеткен
құқықтық консультация беру
түріндегі тегін заң көмегін
есепке алуды жүргізу
қағидаларына
қосымша

      Нысан

Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алу тізілімі

Р/с №

Жеке тұлғаның заң көмегіне жүгінген күні

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Заң көмегін алуға жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, ал заң көмегін алуға өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың да атауы мен деректемелері

Құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін алу үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері

Жеке тұлғаның немесе оның өкілінің тұрғылықты жері

Құқықтық мәселенің мәні

Көрсетілген заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, арызды, шағымды, өтінішхатты және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау)

Заң көмегін көрсетуге байланысты адвокаттың жұмыс жасау уақытының ұзақтығы

Күні, жеке тұлғаның немесе оның өкілінің заң көмегін алуы туралы қолы

Күні, адвокаттың қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11