О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2016 года № 138

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессианальных и иных праздниках в Республике Казахстан».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики
Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессиональных и
иных праздниках в Республике Казахстан»

      В соответствии со статьей 4 Закона Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 1, ст. 1) следующие изменения и дополнения:
      в перечне профессиональных и иных праздников в Республике Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      пункты 1 и 1-1 изложить в следующей редакции:
      «1. День Национальной гвардии - 10 января
      1-1. День казахстанской молодежи - 9 февраля»;
      дополнить пунктами 1-2, 1-3 и 1-4 следующего содержания:
      «1-2. День чествования казахстанцев, исполнявших воинский долг на территории других государств, - 15 февраля
      1-3. День благодарности - 1 марта
      1-4. День геолога - первое воскресенье апреля»;
      пункт 2-1 изложить в следующей редакции:
      «2-1. Всеказахстанский день посадки леса - День работников лесного хозяйства - третья суббота апреля»;
      дополнить пунктами 2-2, 2-3 и 2-4 следующего содержания:
      «2-2. День труда - третье воскресенье апреля
      2-3. День Службы государственной охраны Республики Казахстан - 21 апреля
      2-4. День чествования казахстанцев, участвовавших в ликвидации последствий аварии на Чернобыльской АЭС, других техногенных и экологических катастроф, - 26 апреля»;
      пункт 26-1 исключить.
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев тринадцатого и шестнадцатого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 января 2017 года.

      Президент
      Республики Казахстан                 Н.Назарбаев

"Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 138 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізбесінде:
      1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық ұлан күні - 10 қаңтар
      1-1. Қазақстан жастары күні - 9 ақпан»;
      мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-2. Басқа мемлекеттердің аумағында әскери борышын атқарған қазақстандықтарға құрмет көрсету күні - 15 ақпан
      1-3. Алғыс айту күні - 1 наурыз
      1-4. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі»;
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні - сәуірдің үшінші сенбісі»;
      мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-2. Еңбек күні - сәуірдің үшінші жексенбісі
      2-3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір
      2-4. Чернобыль АЭС-індегі аварияның, басқа да техногендік және экологиялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан қазақстандықтарға құрмет көрсету күні - 26 сәуір»;
      26-1-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он үшінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                              Н.Назарбаев