Об утверждении Правил использования средств и основных условий бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 251

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 16 Закона Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года «О республиканском бюджете на 2016 - 2018 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила использования средств бюджетного кредитования акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек»;
      2) основные условия бюджетного кредитования акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек».
      2. Министерствам финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитного договора с акционерным обществом «Национальный управляющий холдинг «Байтерек»;
      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий кредитования;
      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания бюджетного кредита.
      3. Акционерному обществу «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредита в министерства финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 28 апреля 2016 года № 251

Правила
использования средств бюджетного кредитования акционерного
общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек»

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования средств бюджетного кредитования акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» разработаны в соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года «О республиканском бюджете на 2016-2018 годы», постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 972 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2016 – 2018 годы» и определяют порядок использования средств бюджетного кредитования акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» (далее – АО «НУХ «Байтерек»).

2. Порядок использования средств бюджетного кредитования

      2. Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан производит перечисление средств бюджетного кредита АО «НУХ «Байтерек» по республиканской бюджетной программе 206 «Кредитование АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» с последующим кредитованием АО «Ипотечная организация «Казахстанская ипотечная компания» на строительство арендного жилья» на основании кредитного договора и в сроки согласно индивидуальному плану финансирования.
      3. АО «НУХ «Байтерек» предоставляет кредит акционерному обществу «Ипотечная организация «Казахстанская ипотечная компания» (далее – АО «ИО «КИК») на строительство арендного жилья в сроки, предусмотренные кредитным договором между АО «НУХ «Байтерек» и АО «ИО «КИК».
      4. АО «ИО «КИК» использует средства бюджетного кредита в соответствии с бюджетным законодательством на строительство арендного жилья, законодательством о государственных закупках и Программой  развития регионов до 2020 года, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2014 года № 728.
      5. АО «НУХ «Байтерек» обеспечивает целевое и эффективное использование средств бюджетного кредитования.

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 28 апреля 2016 года № 251

Основные условия бюджетного кредитования акционерного общества
«Национальный управляющий холдинг «Байтерек»

      Для предоставления кредита акционерному обществу «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» (далее – заемщик) устанавливаются следующие основные условия:
      1) размер кредита составляет 19092292000 (девятнадцать миллиардов девяносто два миллиона двести девяносто две тысячи) тенге;
      2) кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 30 (тридцать) лет, по ставке вознаграждения, равной 0,1 % годовых;
      3) выделение из республиканского бюджета кредита осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы кредита на счет заемщика;
      4) период освоения составляет 2 (два) года со дня перечисления кредита на счет заемщика;
      5) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется 1 (один) раз в год (первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 1 (одного) года со дня перечисления средств кредита на счет заемщика);
      6) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями с 2027 года по истечении льготного периода, который составляет 10 лет;
      7) целью предоставления бюджетного кредита является последующее кредитование заемщиком акционерного общества «Ипотечная организация «Казахстанская ипотечная компания» со ставкой вознаграждения 0,15 % годовых со сроком на 30 (тридцать) лет на строительство арендного жилья.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің қаражатын пайдалану қағидаларын және оның негізгі талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 251 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану қағидалары;
      2) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
      2) кредит берудің негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;
      3) бюджеттік кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің    
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 251 қаулысымен 
бекітілген 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану қағидалары «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес әзірленді және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Бюджеттік кредит беру қаражатын пайдалану тәртібі 

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға 206 «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына жалға берілетін тұрғын үй құрылысына кейіннен кредит беру арқылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына кредит беру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша кредиттік шарт және жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мерзімде бюджеттік кредит қаражатын аударуды жүргізеді.
      3. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «ҚИК» ИҰ» АҚ арасындағы кредиттік шарттарда көзделген мерзімде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына кредит береді.
      4. «ҚИК» ИҰ» АҚ бюджеттік заңнамаға, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредит қаражатын пайдаланады.
      5. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бюджеттік кредит қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 251 қаулысымен  
бекітілген  

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі талаптары

      «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:
      1) кредит мөлшері 19092292000 (он тоғыз миллиард тоқсан екі миллион екі жүз тоқсан екі мың) теңгені құрайды;
      2) кредит қарыз алушыға жеделдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 30 (отыз) жыл мерзімге жылдық 0,1 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;
      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына біржолғы кредиттің бүкіл сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады;
      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күнінен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады. Есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күнінен бастап 1 (бір) жыл өткен соң жүргізіледі;
      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 2027 жылдан бастап тең үлестермен жеңілдік кезеңінің мерзімі өткеннен кейін жүзеге асырады. Жеңілдік кезеңі 10 жылды құрайды;
      7) кредит берудің мақсаты қарыз алушының «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының еншілес ұйымына жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 30 (отыз) жыл мерзімге жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен кредит беруі болып табылады.