О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 "Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 291. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2023 года № 704.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.08.2023 № 704 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 "Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 41, ст. 531) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 10:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) нотариально заверенные копии: удостоверения личности, диплома о высшем образовании; диплома магистра и (или) диплома о присуждении ученой степени (кандидата наук, доктора наук), степени доктора философии (PhD), доктора по профилю и (или) аттестата (диплома) о присвоении ученого звания ассоциированного профессора (доцента) или профессора;";

      дополнить подпунктом 3) следующего содержания:

      "3) опубликованные научные статьи: 1 (одна) в международном рецензируемом научном журнале, имеющем ненулевой импакт-фактор в JCR (Journal Citation Report) или ненулевой индекс цитируемости в SJR (Scimago Journal Rank), индексируемом в информационных базах на момент публикации в соответствующей области науки, а также 3 (три) статьи в научных изданиях, включенных в перечень научных изданий, рекомендованных для публикации основных результатов научной деятельности (за последние пять лет).";

      абзац первый подпункта 2) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "2) физическим лицам в течение срока, не превышающего десяти календарных дней.";

      в приложении 1 к указанным Правилам:

      строку, порядковый номер 20, изложить в следующей редакции:

      "

20.

Количество опубликованных научных статей (в расчете одной статьи на одного научного сотрудника): 1 (одна) в международном рецензируемом научном журнале, имеющем ненулевой импакт-фактор в JCR (Journal Citation Report) или ненулевой индекс цитируемости в SJR (Scimago Journal Rank), индексируемом в информационных базах на момент публикации в соответствующей области науки, а также 3 (три) статьи в научных изданиях, включенных в перечень научных изданий, рекомендованных для публикации основных результатов научной деятельности (за последние пять лет).

Статьи, опубликованные в соавторстве, засчитываются на 1 сотрудника (указанного первым).


      ";

      приложение 3 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 13 мая 2016 года № 291
Приложение 3
к Правилам аккредитации
субъектов научной
и (или) научно-технической
деятельности

      в __________________________________

      от _________________________________

      (Ф.И.О.)

      ____________________________________

Заявление
(для физических лиц)

      Прошу провести аккредитацию ___________________________________

      (Ф.И.О. заявителя)

      в качестве субъекта научной и (или) научно-технической деятельности.

      Приложение:

№№ п/п

Наименование документа

Отметка о наличии

1.

Нотариально заверенные копии: удостоверения личности, диплома о высшем образовании; диплома магистра и (или) диплома о присуждении ученой степени (кандидата наук, доктора наук), степени доктора философии (PhD), доктора по профилю и (или) аттестата (диплома) о присвоении ученого звания ассоциированного профессора (доцента) или профессора


2.

Опубликованные научные статьи: 1 (одна) в международном рецензируемом научном журнале, имеющем ненулевой импакт-фактор в JCR (Journal Citation Report) или ненулевой индекс цитируемости в SJR (Scimago Journal Rank), индексируемом в информационных базах на момент публикации в соответствующей области науки, а также 3 (три) статьи в научных изданиях, включенных в перечень научных изданий, рекомендованных для публикации основных результатов научной деятельности (за последние пять лет).



      "__" _________ 20__ г.

      __________________________ __________________________________________

      (Подпись) (Ф.И.О.)

"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 291 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:

      10-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.";

      11-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке тұлғаларға күнтізбелік он күннен аспайтын мерзім ішінде аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20.

Жарияланған ғылыми мақалалар саны (бір ғылыми қызметкерге бір мақаладан есептегенде): тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.

Тең авторлықпен жарияланған мақалалар 1 қызметкерге (бірінші көрсетілген) есептеледі.


      ";

      көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 291 қаулысына
қосымша
  Ғылыми және немесе
ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу қағидасына
3-қосымша

      кімге ___________________________

      кімнен___________________________

      (Т.А.Ә.)

      _____________________________

Өтініш

      (жеке тұлғалар үшін)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын.

      Қосымша:

Р/с №

Құжаттың атауы

Бар-жоғы туралы белгі

1.

Жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері


2.

Жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.



      20____ ж. "____" _________

      __________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)