О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 852 "Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2016 года № 470. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 758.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 758 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 852 "Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 50, ст. 696) следующее изменение:

      в Правилах оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца, утвержденных указанным постановлением:

      абзац первый пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "5. По желанию физического лица вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства выдаются в ускоренном порядке в течение семи, десяти и пятнадцати рабочих дней со дня оформления. Паспорт гражданина Республики Казахстан, удостоверение личности гражданина Республики Казахстан выдаются в ускоренном порядке до двух рабочих дней (в городах Астане, Алматы, Актобе, Шымкенте), до четырех рабочих дней (в областных центрах) со дня оформления.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 470 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 696-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі ресімделген күннен бастап жеті, он және он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат ресімделген және оларды жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында), төрт жұмыс күн ішінде (облыс орталықтарында) жеделдетілген тәртіппен беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов