Об утверждении перечня отдельных видов деятельности и применения оборудования (устройства), предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек, и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2014 года № 1147 "Об утверждении перечня отдельных видов деятельности и применения оборудования (устройства), предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 604. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2021 года № 457.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.07.2021 № 457 (вводится в действие с 01.07.2021).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень отдельных видов деятельности и применения оборудования (устройства), предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2014 года № 1147 "Об утверждении перечня отдельных видов деятельности и применения оборудования (устройства), предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 66, ст. 613).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

Б. САГИНТАЕВ


  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 октября 2016 года № 604

Перечень
отдельных видов деятельности и применения оборудования
(устройства), предназначенного для приема платежей с
использованием платежных карточек

№ п/п

Вид деятельности

1

Оптовая и розничная торговля автомобилями и мотоциклами, их ремонт и техническое обслуживание

2

Оптовая и розничная торговля

3

Предоставление услуг гостиницами

4

Предоставление услуг ресторана, прочие виды организации питания и подача напитков

5

Продажа проездных документов (билетов), багажных и грузобагажных квитанций на воздушный и железнодорожный транспорт

6

Предоставление услуг по транспортной обработке грузов, складированию и хранению, вспомогательные услуги по транспортировке и услуги по перевозке грузов

7

Деятельность туроператоров и прочих организаций, предоставляющих услуги в сфере туризма (кроме турагентов)

8

Деятельность в области страхования

9

Деятельность в области здравоохранения

10

Деятельность в области образования

11

Деятельность по распространению кинофильмов, видео- и телевизионных программ, показ кинофильмов

12

Деятельность фитнес-, спортивных клубов, дискотек

13

Деятельность по организации азартных игр и заключения пари

14

Предоставление услуг по боулингу (кегельбану) и бильярду


      Примечание:

      Обеспечение установки и применения в местах осуществления указанных видов деятельности оборудования (устройства), предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек, а также прием с использованием платежных карточек, не распространяются на индивидуальных предпринимателей и (или) юридических лиц, осуществляющих деятельность в сфере оптовой и розничной торговли сельскохозяйственной продукцией собственного производства, продукцией аквакультуры (рыболовства) собственного производства; деятельность, осуществляемую через нестационарные торговые объекты.

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысы

      «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесі бекітілсін.
      2. «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж. № 66, 613-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 604 қаулысымен    
бекітілген       

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесі

Р/с

Қызмет түрі

1

2

1

Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

2

Көтерме және бөлшек сауда

3

Қонақүйлердің қызмет көрсетуі

4

Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру

5

Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату

6

Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер

7

Туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік операторлардың және өзге де ұйымдардың қызметі (туристік агенттерден басқа)

8

Сақтандыру саласындағы қызмет

9

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

10

Білім беру саласындағы қызмет

11

Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету

12

Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі

13

Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

14

Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету

      Ескертпе:
      Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдау өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген акваөсіру (балық аулау) өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға; стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды.