О переименовании некоторых организаций образования Павлодарской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2016 года № 735

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 «Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Переименовать следующие организации образования Павлодарской области:
      1) коммунальное государственное учреждение «Аксанская средняя общеобразовательная школа отдела образования Баянаульского района» в коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа имени Дюсенбая Рахметова отдела образования Баянаульского района»;
      2) коммунальное государственное учреждение «Бирликская средняя общеобразовательная школа отдела образования Баянаульского района» в коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа отдела образования Баянаульского района имени Жылбека Агадилова».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    Б. Сагинтаев

Павлодар облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 735 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысының мынадай білім беру ұйымдары:
      1) «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Бірлік жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев