О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2016 года № 738

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 83-84, ст. 607) следующее дополнение:
      в перечне товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      дополнить пунктами 6 и 7 следующего содержания:
      «6. Товары, работы и услуги военного назначения, приобретаемые в соответствии с Договором между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о военно-техническом сотрудничестве, совершенным 24 декабря 2013 года, республиканским государственным предприятием «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, одним из основных видов деятельности которого является импорт оружия, военной техники, боеприпасов, запасных частей и комплектующих изделий к ним, продукции, оборудования и соответствующих технологий двойного применения для нужд Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан:
      1) вооружение и военная техника сухопутных войск, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности;
      2) вооружение и военная техника военно-воздушных сил, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности;
      3) вооружение и военная техника военно-морских сил, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности;
      4) боеприпасы, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности.
      7. Продукция военного назначения, приобретаемая в соответствии с Соглашением об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами-участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года, совершенного 20 июня 2000 года, ратифицированного Законом Республики Казахстан от 2 апреля 2001 года, республиканским государственным предприятием «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, одним из основных видов деятельности которого является импорт оружия, военной техники, боеприпасов, запасных частей и комплектующих изделий к ним, продукции, оборудования и соответствующих технологий двойного применения для нужд Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан:
      1) вооружение и военная техника сухопутных войск, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности;
      2) вооружение и военная техника военно-воздушных сил, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности;
      3) вооружение и военная техника военно-морских сил, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности;
      4) боеприпасы, запасные и комплектующие изделия к ним, работы, услуги, в том числе техническое обслуживание и ремонт, результаты интеллектуальной деятельности.».
      2. Министерству оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить контроль за оптимальным и эффективным расходованием денежных средств, выделенных для закупок товаров, работ и услуг.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       Б. Сагинтаев

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 738 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. 2013 жылғы 24 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:

      1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.

      7. 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2000 жылғы 20 маусымда жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы өнім:

      1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген ақшалай қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев