О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2016 года № 483 "Об установлении цены сделки, осуществляемой по взаимообмену газом"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 900

      Примечание РЦПИ!
      Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2016 года № 483 «Об установлении цены сделки, осуществляемой по взаимообмену газом» следующее изменение:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Установить цену газа по сделке, заключаемой между товариществом с ограниченной ответственностью «КазРосГаз» и уполномоченной публичным акционерным обществом «Газпром» организацией - «GAZPROM Schweiz AG» при реализации переработанного газа Карачаганакского месторождения на экспорт в 2016 году для обеспечения газом внутреннего рынка Республики Казахстан путем встречных поставок в 2016 году на условиях DAP граница Республика Казахстан/Российская Федерация, газоизмерительная станция «Александров Гай» в объеме до 6150000000 метров кубических по следующим ценам:
      1) за газ узбекского происхождения, поставляемый на границу  Республика Узбекистан/Республика Казахстан, по цене 85 долларов США за 1000 метров кубических в период с 1 января по 30 апреля 2016 года;
      2) за газ узбекского происхождения, поставляемый на границу  Республика Узбекистан/Республика Казахстан, по цене 3660 российских рублей за 1000 метров кубических в период с 1 мая по 31 декабря 2016 года;
      3) за газ российского происхождения, поставляемый на границу  Российская Федерация/Республика Казахстан, по цене 3660 российских рублей за 1000 метров кубических.».
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство энергетики Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       Б. Сагинтаев

"Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 483 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 900 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 483 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2016 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2016 жылы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясының шекарасы, "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DAP шарттарымен Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 6150000000 текше метрге дейінгі көлемде экспортқа өткізу кезінде "КазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Газпром" жария акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – "GAZPROM Schweiz AG" арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы мынадай бағалар бойынша белгіленсін:

      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан 30 сәуір аралығындағы кезеңде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары;

      2) 2016 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3660 ресей рублі;

      3) Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3660 ресей рублі.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев