О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 911.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 56, ст. 800) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах определения объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      в части второй пункта 6 подпункт 4-1) исключить;

      часть вторую пункта 7 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) объекты юридических лиц по хранению взрывчатых и ядовитых веществ.";

      в требованиях по инженерно-технической укрепленности объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 1:

      дополнить подпунктами 67) и 68) следующего содержания:

      "67) пост охраны – наряд полиции, обеспечивающий охрану объекта или его части;

      68) наблюдательная вышка – сооружение, предназначенное для наблюдения за периметром охраняемого объекта/территории и передачи сигналов тревоги.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящие требования распространяются на действующие, вновь проектируемые, реконструируемые и технически перевооружаемые объекты, подлежащие государственной охране, независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности, расположенные на территории Республики Казахстан, а также устанавливают нормы, порядок и способы оснащения инженерно-техническими средствами и системами безопасности объектов с целью противодействия преступным посягательствам на них.

      Требования по инженерно-технической укрепленности объектов Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований предусматриваются в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 5 июля 2007 года № 364 "Об утверждении общевоинских Уставов Вооруженных сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан", а также приказами первых руководителей соответствующих государственных органов.

      Службой государственной охраны Республики Казахстан устанавливаются дополнительные требования к системе антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, предназначенных для пребывания охраняемых лиц, с учетом настоящих требований, объема и специфики организационных, охранных, режимных и иных мер, обеспечивающих необходимые уровни их безопасности.";

      в пункте 4 вносятся поправки на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) категория В – объекты Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований; объекты, связанные с добычей и переработкой топливно-энергетических полезных ископаемых, объекты химической промышленности; объекты водного хозяйства – гидротехнические сооружения: гидроузлы, шлюзы, плотины; водохранилища, объекты и обособленные помещения организаций по разработке, производству, испытанию и хранению взрывчатых, ядовитых, особо опасных, бактериологических, биологических и химических веществ; объекты жизнеобеспечения; организация по проведению стационарной судебно-психиатрической экспертизы и исследования лиц, подозреваемых в совершении тяжких преступлений;";

      абзац третий пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "К инженерно-технической укрепленности объектов и помещений организаций, занятых проведением работ по разработке, производству, испытанию, хранению взрывчатых, особо опасных, бактериологических, биологических веществ, источников ионизирующего излучения, радиоактивных и двойного назначения материалов, применяются специальные требования по обеспечению безопасности в соответствии с гигиеническими нормативами "Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности", Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности", Правилами физической защиты ядерных материалов и ядерных установок и другими нормативными актами, соответственно области применения.";

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "11-1. Требования к поверхностным постоянным складам взрывчатых веществ:

      1) должны иметь водоотводные канавы;

      2) дороги и подъездные пути должны содержать в чистоте и исправности;

      3) хранилища располагаются так, чтобы обеспечивался свободный подход и подъезд к каждому из них;

      4) выдерживаются расстояния между отдельными хранилищами, хранилищами и различными зданиями и сооружениями на территории склада и вне ее, не менее противопожарных разрывов, определенных в соответствии с приложением 11 Правил обеспечения промышленной безопасности для опасных производственных объектов, ведущих взрывные работы;

      5) склады ограждаются и имеют запретную зону шириной от ограды не менее 50 метров. На границах запретной зоны устанавливаются ограждения и предупредительные знаки.

      На территории склада допускается располагать караульные вышки, будки для сторожевых собак, вышки (мачты, столбы) с фонарями, прожекторами, помещение для хранения противопожарных средств и оборудования, противопожарные водоемы, проходные будки (контрольно-пропускной пункт).

      За запретной зоной склада в пределах опасной зоны допускается размещать: полигон для испытаний и уничтожения взрывчатых материалов, сжигания тары, караульное помещение, административно-бытовое помещение для персонала, обслуживающего склад, пункты обслуживания и заправки средств механизации, котельные, склады топлива, водопроводные и канализационные насосные станции, трансформаторные подстанции, уборные.

      Расстояние от ограды до ближайшего хранилища – не менее 40 метров. В горных местностях это расстояние допускается уменьшать.

      Ограждения выполняются из железобетонных или металлических решеточных конструкций (из прута толщиной не менее 18 мм, с просветом между прутами, не превышающим 100 мм), кирпича, металлических листов (толщиной не менее 2 мм) или сетки (из арматуры диаметром не менее 5 мм и размером ячейки 70 х 70 мм, но не более 10 мм диаметром при размере ячейки 150 х 150 мм).

      Высота ограды должна быть не менее 2,5 метров, усиленная в противоподкопном отношении железобетонным цоколем или арматурной сеткой с заглублением в землю на 200-400 мм.

      В ограде устраиваются ворота и калитка, запирающиеся на замки.

      На территории склада и запретной зоны вокруг него убираются деревья и кустарники, сухая трава и другие легковоспламеняющиеся предметы.";

      дополнить пунктом 35-1 следующего содержания:

      "35-1. На объектах категории А и В, расположенных в промышленной зоне вне населенных пунктов, с учетом рельефа местности подразделением выкапываются окопы, обеспечивающие круговой обзор и обстрел подступов к посту (объекту), не менее 50 м.";

      подпункт 1) пункта 53 изложить в следующей редакции:

      "1) при наличии периметрового ограждения наружные эвакуационные двери зданий не должны иметь запоров, которые не могут быть открыты изнутри без ключа;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

Б. Сагинтаев


"Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 911 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

       6-тармақтың екінші бөлігінің 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

       7-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) жарылғыш және улы заттарды сақтау жөніндегі заңды тұлғалардың объектілері;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

       1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 67) және 68) тармақшалармен толықтырылсын:

      "67) күзет бекеті - объектіні немесе оның бөлігін күзетуді қамтамасыз ететін полиция жасақшасы;

      68) бақылау мұнарасы - күзетілетін объектінің/аумақтың периметрін бақылауға және дабыл сигналдарын беруге арналған құрылыс.";

       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық қайта жабдықталатын жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерге қолданылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қол сұғуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібі мен тәсілдерін белгілейді.

      Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарына сәйкес көзделуі керек.

      Күзетілетін адамдардың келуіне арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі осы талаптарды, олардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып белгілейді.";

       4-тармақтағы "жылына" деген сөз "жарты жылда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) В санаты - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың объектілері; жанар-жағармай, энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіруге және қайта өңдеуге байланысты объектілер, химия өнеркәсібінің объектілері; су шаруашылығы объектілері - гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су қоймалары, жарылғыш, улы, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан және зерттеуден өткізу жөніндегі ұйым;";

       11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарылғыш, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық заттарды, иондаушы сәулелендіру көздерін, радиоактивті және қосарланған мақсаттағы материалдарды әзірлеу, өндіру, сынау бойынша жұмыстарды атқарумен айналысатын ұйымдардың объектілері мен үй-жайларының инженерлік-техникалық нығайтылуына "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтеріне, "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына, Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша арнайы талаптар қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Жарылғыш заттардың жерүсті тұрақты қоймаларына қойылатын талаптар:

      1) су бұру арықтарының болуы тиіс;

      2) жолдар және келу жолдары таза және жарамды күйде ұсталуы тиіс;

      3) сақтау орындары олардың әрқайсысына еркін жақындауды және келуді қамтамасыз ететіндей орналастырылады;

      4) Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес белгіленген қойма аумағы мен одан тыс жерлердегі бөлек сақтау орындарының, сақтау орындарының және түрлі ғимараттар мен құрылыстардың арасында белгіленген өртке қарсы ажыраулардан кем емес арақашықтықты ұстанады;

      5) қоймалар қоршалады және қоршаудан ені кемінде 50 метр тыйым салынған аймақ болады. Тыйым салынған аймақтың шекараларында қоршау және ескерту белгілері қойылады.

      Қойма аумағына қарауыл мұнаралары, күзет иттеріне арналған үйшіктер, шамдары, прожекторлары бар мұнаралар (діңгектер, бағаналар), өртке қарсы құралдарды және жабдықтарды сақтауға арналған үй-жай, өртке қарсы су айдындары, өту үйшіктерін (бақылау-өткізу пунктін) орналастыруға жол беріледі.

      Қойманың тыйым салынған аймағынан тыс қауіпті аймақ шегінде жарылғыш материалдарды жою және сынау полигоны, ыдыстарды өртеу, қарауыл үй-жайын, қоймаға қызмет көрсететін персоналға арналған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайды, механикаландыру құралдарына қызмет көрсету және толтыру пункттерін, қазандықтарды, отын қоймасын, су еткізу және кәріз сорғы станцияларын, трансформаторлық шағын станцияларды, дәретхана орналастыруға жол беріледі.

      Қоршаудан ең жақын сақтау орнына дейінгі қашықтық - кемінде 40 метр, таулы жерлерде бұл қашықтықты азайтуға жол беріледі.

      Қоршау темір бетон немесе металл торлы құрылымдардан (қалыңдығы кемінде 18 мм, арасындағы саңылау 100 мм-ден аспайтын сымнан жасалған), кірпіштен, металл табақтардан (қалыңдығы кемінде 2 мм), немесе тордан (диаметрі кемінде 5 мм және ұяшығының өлшемі 70 х 70 мм, бірақ ұяшығының өлшемі 150 х 150 мм болған кезде 10 мм артық емес арматурадан) жасалады.

      Қоршау биіктігі кемінде 2,5 метр, қазуға төтеп беру тұрғысынан темір бетон цокольмен немесе жерге 200 - 400 мм қазылған арматуралық тормен күшейтілген болуы тиіс.

      Қоршауда құлыппен бекітілетін қақпа мен есік орнатылады.

      Қойманың және оның айналасындағы тыйым салынған аймақтың аумағы ағаштар мен бұталар. құрғақ шөп және басқа да оңай тұтанатын заттардан тазартылады.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Елді мекендерден тыс өнеркәсіптік аймақта орналасқан А және В санатындағы объектілерде жердің бет-бедерін ескере отырып, бөлімшелер кемінде 50 метр жерден айналмалы шолу жасауды және бекеттің (объектінің) маңайына оқ атуды қамтамасыз ететін жертасаларды қазады.";

      53-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) периметрлік қоршау болған кезде ғимараттардың сыртқы эвакуациялық есіктерінде іштен кілтсіз ашылмайтын бекітулері болмауы тиіс;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев