О присвоении наименований и переименовании организаций образования Мангистауской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 135.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Присвоить имена следующим организациям образования:

      1) коммунальному государственному учреждению "Общеобразовательная средняя школа № 5" имя Нуртаса Ондасынова;

      2) коммунальному государственному учреждению "Общеобразовательная средняя школа № 16" имя Саламата Мукашева;

      3) государственному коммунальному казенному предприятию "Школа профессиональной ориентации и искусства" акимата Тупкараганского района имя Мурын жырау Сенгирбекулы;

      4) государственному учреждению "Шайырская средняя школа" имя Турара Жалгасбайулы;

      5) государственному учреждению "Общеобразовательная средняя школа № 5" имя Шогы Муналулы;

      6) государственному учреждению "Общеобразовательная средняя школа № 15 с гимназическими классами и дошкольным мини-центром" имя Ибаш Жанболатовой.

      2. Переименовать государственное коммунальное казенное предприятие "Мангистауский политехнический колледж" акимата Мангистауской области Управления образования Мангистауской области в государственное коммунальное казенное предприятие "Мангистауский политехнический колледж имени Халела Узбекгалиева" управления образования Мангистауской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан Б. Сагинтаев

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 135 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) "№ 5 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нұртас Оңдасыновтың есімі;

      2) "№ 16 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Саламат Мұқашевтың есімі;

      3) Түпқараған ауданы әкімдігінің "Өнер және кәсіпке бағдарлау мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Мұрын жырау Сеңгірбекұлының есімі;

      4) "Шайыр орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне Тұрар Жалғасбайұлының есімі;

      5) "№ 5 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесіне Шоғы Мұңалұлының есімі;

      6) "Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 15 жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне Ибаш Жанболатованың есімі берілсін.

      2. Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының білім басқармасының "Маңғыстау политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Маңғыстау облысының білім басқармасының "Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев