О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 155 "О вопросах государственных символов и геральдики ведомственных и иных, приравненных к ним, наград некоторых государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, правоохранительных органов, судов, Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2017 года № 189

      Правительство .Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 155 "О вопросах государственных символов и геральдики ведомственных и иных, приравненных к ним, наград некоторых государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, правоохранительных органов, судов, Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б.Сагинтаев

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года №155 "О вопросах государственных символов и геральдики ведомственных и иных, приравненных к ним, наград некоторых государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, правоохранительных органов, судов, Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 55, ст. 783) следующие дополнения:

      в перечне и описаниях ведомственных и иных, приравненных к ним, наград некоторых государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, правоохранительных органов, судов, Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, утвержденных вышеназванным Указом:

      в перечне ведомственных и иных, приравненных к ним, наград некоторых государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, правоохранительных органов, судов, Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований:

      в разделе "Медали:":

      пункт 10 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) "Ел қорғаны" ("Защитник Отечества") І, ІІ степеней.";

      в описаниях ведомственных и иных, приравненных к ним, наград некоторых государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, правоохранительных органов, судов, Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований (далее – Описания):

      раздел "Медали Министерства обороны Республики Казахстан" дополнить подразделами следующего содержания:

      "Ел қорғаны" І степени (приложение 54-1)

      Медаль "Ел қорғаны" І степени изготавливается из металла желтого цвета с золочением и имеет форму десятилучевой стилизованной звезды диаметром 42 мм. На медали изображения - рельефные. Центральная часть аверса медали - круг в обрамлении лавровых ветвей, перевитых в нижней части ленточкой с надписью на красном фоне "ЕЛ ҚОРҒАНЫ". Круг окрашен эмалью голубого цвета. В середине круга, на фоне перекрещенных сабель остриями вверх, размещен щит, в котором на алом фоне изображен контур карты Республики Казахстан с изображениями танка, самолета, корабля и эмблемы десантных войск. Декоративные окончания лучей звезды выполнены с элементами национального декора. Фрагменты лучей покрыты эмалью синего цвета. На пяти лучах зачеканены искусственные камни диаметром 2 мм.

      Реверс медали имеет рельефное изображение. В центре расположены надписи в пять строк: "І; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ". Вокруг надписи по окружности помещена надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ".

      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с шестиугольной колодкой шириной 32 мм и высотой 50 мм. Колодка обтягивается муаровой лентой с продольными полосами шириной 10 мм, с левого края - цвета темной полыни, с правого края - темного синего цвета, посередине - полоса бежевого цвета шириной 12 мм с тремя полосками темного синего цвета. В центре колодки накладывается отчеканенная эмблема Вооруженных Сил.

      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.

      "Ел қорғаны" ІІ степени (приложение 54-2)

      Медаль "Ел қорғаны" ІІ степени изготавливается из металла белого цвета и имеет форму десятилучевой стилизованной звезды диаметром 42 мм. На медали изображения - рельефные. Центральная часть аверса медали - круг в обрамлении лавровых ветвей, перевитых в нижней части ленточкой с надписью на красном фоне "ЕЛ ҚОРҒАНЫ". Круг окрашен эмалью голубого цвета. В середине круга, на фоне перекрещенных сабель остриями вверх, размещен щит, в котором изображен контур карты Республики Казахстан с изображениями танка, самолета, корабля и эмблемы десантных войск. Декоративные окончания лучей звезды выполнены с элементами национального декора. Фрагменты лучей покрыты эмалью синего цвета.

      Реверс медали имеет рельефное изображение. В центре расположены надписи в пять строк: "ІІ; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ". Вокруг надписи по окружности помещена надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ".

      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с шестиугольной колодкой шириной 32 мм и высотой 50 мм. Колодка обтягивается муаровой лентой с продольными полосами шириной 10 мм, с левого края - цвета темной полыни, с правого края - темного синего цвета, посередине – полоса бежевого цвета шириной 12 мм с тремя полосками темного синего цвета. В центре колодки накладывается отчеканенная эмблема Вооруженных Сил.

      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.";

      дополнить приложениями 54-1 и 54-2 к Описаниям согласно приложениям 1 и 2 к настоящему Указу;

      в Правилах награждения ведомственными и иными, приравненными к ним, наградами (лишения ведомственных и иных, приравненных к ним, наград) некоторых государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, правоохранительных органов, судов, Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, утвержденных вышеназванным Указом:

      в разделе "3. Основания награждения ведомственными наградами":

      после подраздела "Медаль "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" дополнить подразделом следующего содержания:

      "Медаль "Ел қорғаны"

      44-1. Медалью "Ел қорғаны" награждаются: военнослужащие Вооруженных Сил Республики Казахстан за отличие в руководстве войсками и выполнении поставленных задач, на учениях, при несении боевого дежурства, в освоении новой боевой и специальной техники, поддержании вооружения и военной техники в состоянии, обеспечивающем постоянную боевую готовность, при выполнении специальных (оперативных) заданий командования, в мобилизационной подготовке, военно-патриотической, педагогической, научно-исследовательской, лечебной и иной военной (военно-прикладной) деятельности, освоении воинской специальности в период прохождения срочной воинской службы, а также граждане Республики Казахстан за весомый вклад в укрепление обороноспособности, военной безопасности Республики Казахстан.

      44-2. Медаль "Ел қорғаны" состоит из двух степеней:

      1) медаль "Ел қорғаны" I степени – для награждения офицерского состава Вооруженных Сил и граждан Республики Казахстан, внесших весомый вклад в укрепление обороноспособности, военной безопасности Республики Казахстан;

      2) медаль "Ел қорғаны" II степени – для награждения военнослужащих сержантского и солдатского составов Вооруженных Сил Республики Казахстан.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н. НАЗАРБАЕВ

  ПРИЛОЖЕНИЕ 1
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 25 апреля 2017 года № 466
  Приложение 54-1
к Описаниям

Медаль "Ел қорғаны" І степени

      


  ПРИЛОЖЕНИЕ 2
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 25 апреля 2017 года № 466
  Приложение 54-2
к Описаниям

Медаль "Ел қорғаны"

      



"Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 189 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери кұралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың тізбесінде және сипаттамаларында:

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде:

      "Медальдар:" деген бөлімде:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) І, ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" ("Защитник Отечества").";

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамаларында (бұдан әрі – Сипаттамалар):

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің медальдары" деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:

      "І дәрежелі "Ел қорғаны" (54-1-қосымша)

      І дәрежелі "Ел қорғаны" медалі алтын жалатылған сары түсті металдан дайындалады және диаметрі 42 мм он сәулелі айшықты жұлдыз нысанында болады. Медальдағы бейнелер – бедерлі. Медаль аверсінің ортасында – қызыл түстің аясында "ЕЛ ҚОРҒАНЫ" деген жазуы бар төменгі бөлігінде лента өткізілген лавр бұтақтарымен көмкерілген шеңбер. Шеңбер көгілдір түсті эмальмен боялған. Шеңбердің ортасында өткір жүзі жоғары қаратылып айқастырылған семсерлер аясында қалқан орналасқан, онда алқызыл аяда танк, ұшақ, корабль және десанттық әскерлер эмблемалары бейнеленген Қазақстан Республикасының картасы сұлбасының бейнесі бар. Жұлдыз сәулелерінің сәнді ұштары ұлттық ою-өрнек элементтерімен өрнектелген. Сәулелердің фрагменттері көк түсті эмальмен боялған. Бес сәуледе диаметрі 2 мм жасанды тастар орнатылған.

      Медальдың реверсінде бедерлі бейне бар. Ортасында бес жолға "І; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ" деген жазу орналасқан. Жазу шеңберін айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ" деген жазу орналасқан.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Таған ені 10 мм болатын сол жақ жиегінен қошқыл жусан түстес, оң жақ жиегінен қошқыл көк түсті, ортасында ені 12 мм қошқыл көк түсті үш жолағы бар сарғыш түсті жолақтан тұратын тік жолақты қатқыл лентамен тысталады. Тағанның ортасында бастырылып жасалған Қарулы Күштердің эмблемасы орнатылады.

      Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.

      ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" (54-2-қосымша)

      ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" медалі ақ түсті металдан дайындалады және диаметрі 42 мм он сәулелі айшықты жұлдыз нысанында болады. Медальдағы бейнелер – бедерлі. Медаль аверсінің ортасында – қызыл түстің аясында "ЕЛ ҚОРҒАНЫ" деген жазуы бар төменгі бөлігінде лента өткізілген лавр бұтақтарымен көмкерілген шеңбер. Шеңбер көгілдір түсті эмальмен боялған. Шеңбердің ортасында өткір жүзі жоғары қаратылып айқастырылған семсерлер аясында қалқан орналасқан, онда танк, ұшақ, корабль және десанттық әскерлер эмблемалары бейнеленген Қазақстан Республикасының картасы сұлбасының бейнесі бар. Жұлдыз сәулелерінің сәнді ұштары ұлттық ою-өрнек элементтерімен өрнектелген. Сәулелердің фрагменттері көк түсті эмальмен боялған.

      Медальдың реверсінде бедерлі бейне бар. Ортасында бес жолға "ІІ; ДӘРЕЖЕ; ОТАНЫҢДЫ СҮЙ; ХАЛҚЫҢА; ҚЫЗМЕТ ЕТ" деген жазу орналасқан. Жазу шеңберін айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ" деген жазу орналасқан.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға бекітіледі. Таған ені 10 мм болатын сол жақ жиегінен қошқыл жусан түстес, оң жақ жиегінен қошқыл көк түсті, ортасында ені 12 мм қошқыл көк түсті үш жолағы бар сарғыш түсті жолақтан тұратын тік жолақты қатқыл лентамен тысталады. Тағанның ортасында бастырылып жасалған Қарулы Күштердің эмблемасы орнатылады.

      Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.";

      Осы Жарлыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Сипаттамаларға 54-1 және 54-2-қосымшалармен толықтырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      "3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері" деген бөлімде:

      "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" медалі" деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Ел қорғаны" медалі

      44-1. "Ел қорғаны" медалімен:

      әскерлерге басшылық жасауда және қойылған міндеттерді орындауда, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде, жаңа жауынгерлік және арнайы техниканы меңгеруде, қару-жарақ пен әскери техниканы ұдайы жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету жай-күйінде ұстауда, қолбасшылықтың арнайы (жедел) тапсырмаларын орындау кезінде, жұмылдыру даярлығында, әскери-патриоттық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, емдеу және өзге де әскери (әскери-қолданбалы) қызметте, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери мамандықты меңгеруде ерекше көзге түскені үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.

      44-2. "Ел қорғаны" медалі екі дәрежеден тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы мен Қазақстан Республикасының азаматтарын марапаттауға – І дәрежелі "Ел қорғаны" медалі;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери қызметшілерін марапаттауға – ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" медалі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Сипаттамаларға
54-1-қосымша

      І дәрежелі "Ел қорғаны" медалі



      Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығына
2-ҚОСЫМША

      Сипаттамаларға
54-2-қосымша

      ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" медалі