Об определении уполномоченного органа, ответственного за взаимодействие с Центром кризисного реагирования Организации Договора о коллективной безопасности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 мая 2017 года № 273

      В соответствии с пунктом 4 Решения Совета коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности о Центре кризисного реагирования Организации Договора о коллективной безопасности от 14 октября 2016 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить Министерство обороны Республики Казахстан уполномоченным органом, ответственным за взаимодействие с Центром кризисного реагирования Организации Договора о коллективной безопасности.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Секретариат Организации Договора о коллективной безопасности о принятом решении.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарыстық ден қою орталығымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты уәкілетті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 273 қаулысы

      2016 жылғы 14 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарыстық ден қою орталығы туралы шешімінің 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарыстық ден қою орталығымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев