О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2017 года № 311. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 895.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2018 № 895.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 26, ст. 363) следующее изменение:

      в Типовых правилах приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Прием лиц, поступающих в высшие учебные заведения Республики Казахстан, осуществляется по их заявлениям на конкурсной основе в соответствии с баллами сертификата.

      Сертификаты выдаются по результатам единого национального тестирования (далее – ЕНТ) или комплексного тестирования (далее – КТ), или внешнего оценивания результатов обучения выпускников по образовательным программам автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы", являющейся экспериментальной площадкой, а также победителям международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) 2014, 2015, 2016 годов (далее – победители международных олимпиад и конкурсов), перечень которых определен уполномоченным органом в области образования.

      Баллы внешнего оценивания результатов обучения выпускников по образовательным программам автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" переводятся в баллы сертификата ЕНТ, победителям международных олимпиад и конкурсов на основании перевода итоговых оценок в баллы выдаются сертификаты ЕНТ в соответствии со шкалой, утверждаемой уполномоченным органом в области образования.

      Конкурс на присуждение образовательного гранта проводится в соответствии с Правилами присуждения образовательного гранта для оплаты высшего образования, утвержденными в соответствии с подпунктом 5) статьи 4 Закона Республики Казахстан "Об образовании".".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования. 

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 311 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 363-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      Сертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) немесе эксперименттік алаң болып табылатын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша, сондай-ақ тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2014, 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарына (бұдан әрі – халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) беріледі.

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдары ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкілге сәйкес қорытынды бағаларды балға ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаты беріледі.

      Білім беру грантын беру конкурсы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес өткізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев