О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 463. Утратио силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 758.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 758 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 5 мая 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам транспорта" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 69-70, ст. 636, 2015 г., № 36, ст. 248) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах дорожного движения, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 раздела "1. Общие положения" дополнить подпунктом 39-1) следующего содержания:

      "39-1) общественный транспорт – транспорт общего пользования, осуществляющий регулярные и нерегулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа, а также такси;";

      пункт 8 раздела "5. Сигналы светофора и регулировщика" изложить в следующей редакции:

      "8. Для регулирования движения трамваев, а также общественного транспорта, движущихся по выделенной для них полосе, применяются светофоры одноцветной сигнализации с четырьмя круглыми сигналами бело-лунного цвета, расположенными в виде буквы "Т". Движение разрешается только при включении одновременно нижнего сигнала и одного или нескольких верхних, из которых левый разрешает движение налево, средний - прямо, правый - направо.";

      пункт 1 раздела "13. Проезд перекрестков" изложить в следующей редакции:

      "1. При повороте направо или налево водитель уступает дорогу пешеходам, переходящим проезжую часть дороги по его направлению движения, на которую он поворачивает, велосипедистам, пересекающим ее по велосипедной дорожке, маршрутным транспортным средствам и другому общественному транспорту, движущимся по полосе, обозначенной знаком 5.9 (с учетом пункта 2 раздела 18 Правил).";

      пункт 2 раздела "18. Приоритет маршрутных транспортных средств" изложить в следующей редакции:

      "2. На дорогах с полосой для маршрутных транспортных средств, обозначенных знаками 5.9, 5.10.1 - 5.10.3, не осуществляется движение и не производится остановка других транспортных средств на этой полосе, кроме общественного транспорта.

      Если полоса, обозначенная знаком 5.9, отделена от остальной проезжей части дороги прерывистой линией разметки, то при поворотах транспортные средства перестраиваются на нее. Разрешается также в таких местах заезжать на эту полосу при въезде на дорогу и для посадки и высадки пассажиров у правого края проезжей части дороги при условии, что это не создает помех маршрутным транспортным средствам и другому общественному транспорту.";

      в разделе "5. Информационно-указательные знаки" приложения 1:

      пункт 5.9 изложить в следующей редакции:

      "5.9 "Полоса для маршрутных транспортных средств". Полоса, предназначенная для движения только маршрутных транспортных средств и другого общественного транспорта, движущихся попутно общему потоку транспортных средств.";

      пункт 5.10.1 изложить в следующей редакции:

      "5.10.1 "Дорога с полосой для маршрутных транспортных средств". Дорога, по которой движение маршрутных транспортных средств и другого общественного транспорта осуществляется по специально выделенной полосе навстречу общему потоку транспортных средств.";

      пункт 1.23 раздела "1. Горизонтальная разметка" приложения 2 изложить в следующей редакции:

      "1.23 - обозначает специальную полосу для маршрутных транспортных средств и другого общественного транспорта.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан Б. Сагинтаев

"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 463 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат, 2015 ж., № 36, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімнің 2-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауларды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси;";

      "5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары" деген бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшін бөлінген жолақпен жүретін қоғамдық көліктің жүрісін реттеу үшін "Т" әрпі түрінде орналасқан төрт ай түстес ақ дөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылады. Бір мезгілде төменгі сигналмен бір немесе бірнеше жоғарғы сигнал іске қосылған кезде ғана олардың сол жақтағысы - солға, ортадағысы - тіке, оң жақтағысы - оңға жүруге рұқсат етеді.";

      "13. Жол қиылысынан жүріп өту" деген бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші өзі бұрылатын жолдың жүру бөлігін өзінің жүру бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және 5.9 (Қағидалардың 18-бөлімінің 2-тармағын ескере отырып) белгісімен белгіленген жолақ бойымен жүріп келе жатқан маршруттық көлік құралдарына және басқа-да қоғамдық көлікке жол береді.";

      "18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы" деген бөлімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 5.9, 5.10.1 - 5.10.3 белгілерімен белгіленген, маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда осы жолақпен қоғамдық көліктерден басқа, басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.

      Егер 5.9 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік құралдары соған орын ауыстырады. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жолаққа егер бұл маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке кедергі тудырмайтын болса, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге рұқсат етіледі.";

      1-қосымшаның "5.9 Ақпараттық-нұсқағыш белгісі" деген бөлімде:

      5.9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.9 "Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ". Көлік құралдарының жалпы легімен жол-жөнекей жүретін маршруттық көлік құралдарының және басқа да қоғамдық көліктің жүруіне ғана арналған жолақ.";

      5.10.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.10.1 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жол". Маршруттық көлік құралдарының және басқа да қоғамдық көліктің жүрісі көлік құралдарының жалпы легіне қарсы арнайы бөлінген жолақта жүзеге асырылатын жол.";

      2-қосымшаның "1. Көлденең таңба" деген бөлімнің 1.23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.23-маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты көрсетеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев