О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 568 "Об утверждении Правил оформления, согласования, государственной регистрации нормативных правовых актов и их отмены" и от 6 октября 2016 года 569 "Об утверждении Правил разработки, согласования проектов нормативных правовых актов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 506. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2023 года № 560

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.07.2023 № 560 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 568 "Об утверждении Правил оформления, согласования, государственной регистрации нормативных правовых актов и их отмены" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 49, ст. 313):

      в Правилах оформления, согласования, государственной регистрации нормативных правовых актов и их отмены, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 45 изложить в следующей редакции:

      "45. Государственная регистрация нормативных правовых актов центральных органов осуществляется Министерством юстиции Республики Казахстан, местных органов - территориальными органами юстиции в течение пятнадцати календарных дней со дня представления документов.

      Совместные нормативные правовые акты признаются утратившими силу либо приостанавливаются центральными органами, их ведомствами или местными органами, принявшими их совместно.

      Данный порядок распространяется также на акты, принятые по согласованию с иными государственными органами.";

      пункт 46 исключить;

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 569 "Об утверждении Правил разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 50, ст. 316):

      в Правилах разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 43 изложить в следующей редакции:

      "3) к проекту нормативного правового акта, предусматривающему внесение изменений и/или дополнений в действующие нормативные правовые акты, прилагается сравнительная таблица прежней и новой редакции нормативного правового акта с соответствующим обоснованием вносимых изменений и дополнений.";

      пункты 47, 48 и 49 изложить в следующей редакции:

      "47. Государственные органы и организации Республики Казахстан, которым проект нормативного правового акта направлен на согласование, должны подготовить свои замечания и предложения по проекту нормативного правового акта или сообщить об их отсутствии органу, разработавшему проект нормативного правового акта, в течение десяти рабочих дней со дня поступления, если иной срок не установлен законодательством либо вытекает из поручений вышестоящих государственных органов (должностных лиц).

      Согласование проекта нормативного правового акта о признании утратившими силу нормативного правового акта, а также приостановлении действия нормативных правовых актов или их отдельных норм производится в течение трех рабочих дней со дня поступления.

      Замечания государственного органа по проекту нормативного правового акта должны содержать предложения по устранению недостатков, а также относиться непосредственно к вопросам его компетенции, быть обоснованными и исчерпывающими.

      При наличии замечаний проект нормативного правового акта, при необходимости, дорабатывается органом, его разработавшим, после чего орган-разработчик размещает на ИП ГО доработанную версию проекта нормативного правового акта, подписанную ЭЦП заместителя первого руководителя либо ответственного секретаря государственного органа, и повторно направляет его на согласование заинтересованным государственным органам.

      В случае несогласия органа, разработавшего проект нормативного правового акта, с замечаниями согласующих государственных органов, первый направляет на визирование проект нормативного правового акта с приложением письменного обоснования несогласия по каждому такому замечанию.

      По окончании сроков согласования орган-разработчик проекта нормативного правового акта сводит все предложения (устраняет замечания) заинтересованных государственных органов в окончательный вариант проекта.

      При этом в процессе подготовки окончательного варианта орган- разработчик устраняет замечания государственных органов, с которыми он согласился.

      48. Срок окончательного согласования проекта нормативного правового акта посредством ИП ГО в государственных органах, включая визирование первым руководителем либо лицом, исполняющим его обязанности, согласующего государственного органа с использованием ЭЦП не должен превышать пяти рабочих дней, при этом сроки исчисляются со дня поступления проекта нормативного правового акта в данный государственный орган.

      Окончательное согласование проекта нормативного правового акта о признании утратившими силу нормативного правового акта, а также приостановлении действия нормативных правовых актов или их отдельных норм производится в течение трех рабочих дней со дня поступления.

      49. Срок окончательного согласования на подлиннике проекта нормативного правового акта на бумажном носителе в государственных органах не должен превышать трех рабочих дней со дня поступления в государственный орган.

      Окончательное согласование на подлиннике проекта нормативного правового акта о признании утратившими силу нормативного правового акта, а также приостановлении действия нормативных правовых актов или их отдельных норм производится в течение двух рабочих дней со дня поступления.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 506 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында:

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актілерді бірлесіп қабылдаған орталық органдар, олардың ведомстволары немесе жергілікті органдар оларды күшін жойды деп таниды не тоқтата тұрады.

      Осы тәртіп өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.";

      46-тармақ алып тасталсын;

      2) "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларында:

      43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен нормативтік құқықтық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырмалы кестесі қоса беріледі.";

      47, 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге жіберілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары, егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (лауазымды адамдардың) тапсырмаларынан туындамаса, нормативтік құқықтық актінің жобасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ол бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген органға хабарлауға тиіс.

      Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертулері кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретіндегі мәселелерге тікелей қатысты, негізделген және толық болуға тиіс.

      Ескертулер болған кезде нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген орган қажеттілігіне қарай оны пысықтайды, одан кейін әзірлеуші орган мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарының не жауапты хатшысының ЭЦҚ-сы қойылған нормативтік құқықтық акт жобасының пысықталған нұсқасын МО ИП-да орналастырады және оны мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге қайта жібереді.

      Нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген орган келісуші мемлекеттік органдардың ескертулерімен келіспеген жағдайда, біріншісі осындай ескертудің әрқайсысы бойынша келіспеудің жазбаша негіздемесін қоса бере отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын бұрыштама соғуға жібереді.

      Келісу мерзімі аяқталғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуші орган мүдделі мемлекеттік органдардың барлық ұсыныстарын жобаның соңғы нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды).

      Бұл ретте әзірлеуші орган соңғы нұсқаны дайындау процесінде мемлекеттік органдардың өзі келіскен ескертулерін жояды.

      48. Нормативтік құқықтық актінің жобасын МО ИП арқылы мемлекеттік органдарда түпкілікті келісу мерзімі келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, бұрыштама қою мерзімін қоса алғанда, бес жұмыс күнінен аспауға тиіс, бұл ретте мерзімдер нормативтік құқықтық актінің жобасы осы мемлекеттік органға түскен күннен бастап есептеледі.

      Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық акті жобасын түпкілікті келісу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      49. Нормативтік құқықтық акт жобасын төлнұсқада қағаз жеткізгіште мемлекеттік органдарда түпкілікті келісу мерзімі мемлекеттік органға түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын төлнұсқада түпкілікті келісу келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев