О проведении охоты на дрофу-красотку

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2017 года №621

      В соответствии со статьей 15 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Разрешить проведение соколиной охоты на дрофу-красотку с собственными соколами в период с 22 сентября по 15 ноября 2017 года:

      1) шейху Халифу Бин Заед Аль Нахаяну (Объединенные Арабские Эмираты) на 71 (семьдесят одну) особь дрофы-красотки на территории Арысской и Карактауской государственной заповедной зоны республиканского значения в Южно-Казахстанской области и 80 (восемьдесят) особей дрофы-красотки на территории Южно-Казахстанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Жамбылской, Кызылординской и Южно-Казахстанской областях;

      2) шейху Суруру Бин Мухаммеду Аль Нахаяну (Объединенные Арабские Эмираты) на 42 (сорок две) особи дрофы-красотки на территории Кендерли-Каясанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Мангистауской области;

      3) шейху Сеифу Бин Мухаммеду Аль Нахаяну (Объединенные Арабские Эмираты) на 42 (сорок две) особи дрофы-красотки на территории Кендерли-Каясанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Мангистауской области;

      4) шейху Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Тани (Катар) на 26 (двадцать шесть) особей дрофы-красотки на территории Андасайского государственного природного заказника республиканского значения в Жамбылской области и 74 (семьдесять четыре) особи дрофы-красотки на территории Жусандалинской государственной заповедной зоны республиканского значения в Алматинской и Жамбылской областях.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке выдать разрешения на добычу дрофы-красотки с собственными соколами лицам, указанным в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Ставку платы за добывание дрофы-красотки установить в размере 260 месячных расчетных показателей.

      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, административному органу СИТЕС в Республике Казахстан обеспечить ввоз в Республику Казахстан и вывоз из Республики Казахстан хищных ловчих птиц для проведения соколиной охоты с соблюдением процедур Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения.

      5. Акимам Алматинской, Жамбылской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей оказать необходимое содействие в организации указанных мероприятий.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 621 қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылғы 22 қыркүйектен – 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға саятшылық жүргізуге:

      1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймақтарының аумағында 71 (жетпіс бір) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 80 (сексен) дарақ жек дуадақ;

      2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 42 (қырық екі) дарақ жек дуадақ;

      3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 42 (қырық екі) дарақ жек дуадақ;

      4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Тани (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 26 (жиырма алты) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 74 (жетпіс төрт) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін.

      3. Жек дуадақты аулау ақысының мөлшерлемесі 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран кұстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен Қазақстан Республикасынан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.

      5. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев