О некоторых вопросах защиты государственных секретов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2017 года № 793.

      Примечание РЦПИ!
Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2018 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать:

      1) государственное учреждение "Центр технической защиты информации" Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан в республиканское государственное учреждение "Центр технической защиты информации" Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      2) государственное учреждение "Центр подготовки и повышения квалификации специалистов в области информационной безопасности" Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан в республиканское государственное учреждение "Центр подготовки и повышения квалификации специалистов в области информационной безопасности" Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      3) республиканское государственное казенное предприятие "Алмас" Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан в республиканское государственное казенное предприятие "Алмас" Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      2. Определить Комитет национальной безопасности Республики Казахстан уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении переименовываемых государственных учреждений и республиканского государственного казенного предприятия, указанных в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить:

      1) утверждение уставов государственных учреждений, указанных в подпунктах 1) и 2) пункта 1 настоящего постановления;

      2) внесение на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устава республиканского государственного казенного предприятия, указанного в подпункте 3) пункта 1 настоящего постановления;

      3) государственную перерегистрацию государственных учреждений и республиканского государственного казенного предприятия, указанных в пункте 1 настоящего постановления, в органах юстиции;

      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2002 года № 993 "Вопросы Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 29, ст. 327) следующие изменения:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Утвердить прилагаемый лимит штатной численности Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан с учетом подведомственного ей государственного учреждения в количестве 564 единицы.";

      1) в Положении о Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан (далее – Канцелярия) является государственным органом, осуществляющим координацию деятельности государственных органов, функции контроля и иные функции, предусмотренные законодательством и настоящим Положением.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Миссия Канцелярии: информационно-аналитическое и организационно-правовое обеспечение деятельности Премьер-Министра и Правительства Республики Казахстан.";

      подпункты 2) и 3) пункта 10-1 исключить;

      в пункте 11:

      подпункты 29), 30), 30-1) и 30-2) исключить;

      подпункт 31) изложить в следующей редакции:

      "31) уполномоченного органа по отношению к республиканскому государственному учреждению "Государственная фельдъегерская служба Республики Казахстан";";

      подпункты 20), 21) и 23) пункта 12 исключить;

      в перечне организаций, находящихся в ведении Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан:

      пункты 1, 3 и 4 исключить.

      2) лимит штатной численности Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан с учетом численности подведомственных ей государственных учреждений, утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2018 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 ноября 2017 года № 793
  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 сентября 2002 года № 993

Лимит
штатной численности Канцелярии Премьер-Министра

Республики Казахстан с учетом численности подведомственного ей государственного учреждения

Наименование Лимит штатной численности

Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан с учетом подведомственного ей государственного учреждения, в том числе:

564

Государственная фельдъегерская служба Республики Казахстан

307


Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 793 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қайта аталатын мемлекеттік мекемелерге және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):

      1) осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуді;

      2) осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізуді;

      3) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 564 бірлік санында бекітілсін.";

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi – Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету.";

      10-1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      11-тармақта:

      29), 30), 30-1) және 30-2) тармақшалар алып тасталсын;

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiне қатысты уәкілеттi органның;";

      12-тармақтың 20), 21) және 23) тармақшалары алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын.

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі             Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 793 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып штат санының лимиті


Атауы

Штат санының лимиті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде:

564

Қазақстан Республикасының мемлекетті фельдъегерлік қызметі:

307



      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев