О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2018 года № 58.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 27-28, ст. 168) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "3) наличия положительной рекомендации комиссии об использовании чрезвычайного резерва на оказание официальной гуманитарной помощи Республикой Казахстан;";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. В целях ликвидации чрезвычайных ситуаций социального, военного, экологического, природного и техногенного характера на территории других государств уполномоченный орган в области государственного материального резерва на основании рекомендации комиссии разрабатывает проект решения Правительства Республики Казахстан на оказание официальной гуманитарной помощи Республикой Казахстан в денежной или товарной форме и в установленном законодательством порядке вносит его в Правительство Республики Казахстан.

      Рекомендации комиссии основываются на официальных позициях о возможности оказания гуманитарной помощи, представляемых центральными уполномоченными органами по внешнеполитической деятельности, исполнению бюджета, в сфере гражданской защиты, в области государственного материального резерва, в области транспорта и другими заинтересованными государственными органами в рабочий орган комиссии не позднее трех рабочих дней до даты проведения заседания комиссии.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. В случае поступления обращения об оказании официальной гуманитарной помощи в денежной или товарной форме, центральный уполномоченный орган по внешнеполитической деятельности в течение трех рабочих дней:

      1) направляет информацию об обращении Премьер-Министру Республики Казахстан, Первому заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан (председателю Комиссии);

      2) запрашивает у страны обращения реквизиты, необходимые для перечисления денежных средств, и/или реквизиты получателя официальной гуманитарной помощи в товарной форме.";

      пункт 46 изложить в следующей редакции:

      "46. Центральный уполномоченный орган по внешнеполитической деятельности представляет в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета и уполномоченный орган в области государственного материального резерва соответствующую информацию о получении страной-получателем оказанной Республикой Казахстан официальной гуманитарной помощи.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 58 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған төтенше резервін пайдалану туралы комиссияның оң қорытындысы болған;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган комиссия ұсынымдарының негiзiнде ақшалай немесе тауар нысанында Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.

      Комиссияның ұсынымдары сыртқы саяси қызмет жөніндегі, бюджетті атқару, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы, көлік саласындағы орталық уәкілетті органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың комиссияның жұмыс органына комиссия отырысының өтуіне дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынатын гуманитарлық көмек көрсетудің мүмкін екені туралы ресми ұстанымдарына негізделеді.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Ақшалай немесе тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы өтініш түскен жағдайда, сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде:

      1) өтініш туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына (Комиссия төрағасына) жолдайды;

      2) өтінген мемлекеттен ақша қаражатын аудару үшін қажетті деректемелерді және/немесе тауар нысанындағы ресми гуманитарлық көмекті қабылдаушының деректемелерін сұрайды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы уәкілетті органға алушы елдің Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмекті алғаны туралы тиісті ақпаратты береді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев