О некоторых вопросах передачи государственного имущества из республиканской собственности в коммунальную собственность

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2018 года № 181

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2011 года № 616 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами, из одного вида государственной собственности в другой" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Передать из республиканской собственности с баланса государственного учреждения "Прокуратура Жамбылской области" в коммунальную собственность акимата Жамбылской области здание спортивного комплекса, общей площадью 2707,6 квадратных метра, площадью земельного участка 0,19 гектар, расположенного по адресу: Жамбылская область, город Тараз, улица Жунисбека Дурумбетова, № 37А.

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Генеральной прокуратурой Республики Казахстан (по согласованию) и акиматом Жамбылской области в установленном законодательством порядке осуществить необходимые организационные мероприятия по приему-передаче имущества, указанного в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 181 қаулысы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 Маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жүнісбек Дүрімбетов көшесі, № 37А мекенжайында орналасқан, жер учаскесінің ауданы 0,19 гектар жалпы ауданы 2707,6 шаршы метр, спорт кешенінің ғимараты республикалық меншіктен "Жамбыл облысының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Жамбыл облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (келісім бойынша) және Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев