О некоторых вопросах акционерного общества "Казахско-Австрийское совместное предприятие "Рахат"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 277

      В соответствии со статьями 193 и 220 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и Законом Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан в рамках применения ускоренной реабилитационной процедуры или введения реабилитационной процедуры в отношении акционерного общества "Казахско-Австрийское совместное предприятие "Рахат" (далее – общество) по его задолженности перед республиканским бюджетом, возникшей в силу исполнения обязательств по государственной гарантии согласно Соглашению от 11 января 2001 года № 6АВС001А, заключенному между Министерством финансов Республики Казахстан, акционерным обществом "Эксимбанк Казахстана" и обществом (далее – Соглашение), в установленном законодательством порядке обеспечить согласование плана реабилитации общества, в том числе предусматривающего:

      1) изменение сроков погашения основного долга и выплаты вознаграждения по 2030 год включительно;

      2) изменение валюты задолженности по Соглашению согласно официальному курсу доллара США к тенге, установленному Национальным Банком Республики Казахстан на дату вынесения судом решения о применении ускоренной реабилитационной процедуры или введении реабилитационной процедуры в отношении общества;

      3) определение даты начала выплаты основного долга – 31 марта 2021 года.

      2. В случае вынесения судом решения о применении ускоренной реабилитационной процедуры или введении реабилитационной процедуры в отношении общества, Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке реструктуризировать задолженность общества перед республиканским бюджетом путем заключения дополнительного соглашения к Соглашению, включающего условия, указанные в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 1 настоящего постановления, с учетом сумм фактически начисленных неустоек (штрафов).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Рахат" Қазақ-Австриялық бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 277 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193 және 220-баптарына және "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Рахат" Қазақ-Австриялық бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қатысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Эксимбанк Қазақстан" акционерлік қоғамы және қоғам арасында жасалған 2001 жылы 11 қаңтардағы № 6АВС001А келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты туындаған республикалық бюджет алдындағы берешегі бойынша жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану немесе оңалту рәсімін енгізу шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен, оның ішінде:

      1) негізгі борышты өтеу және сыйақы төлеу мерзімдерін 2030 жылды қоса алғанда өзгерту;

      2) қоғамға қатысты жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану немесе оңалту рәсімін енгізу туралы сот шешім шығарған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген АҚШ долларының теңгеге ресми бағамына сәйкес Келісім бойынша берешек валютасын өзгерту;

      3) негізгі борышты өтеуді бастау күнін 2021 жылғы 31 наурызға айқындау көзделген қоғамның оңалту жоспарын келісуді қамтамасыз етсін.

      2. Сот қоғамға қатысты жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану немесе оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен іс жүзінде есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар) сомаларын есепке ала отырып, осы қаулының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттарды қамтитын Келісімге қосымша келісім жасасу жолымен қоғамның республикалық бюджет алдындағы берешегін қайта құрылымдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев