О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 852 "Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 451. Утратио силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 758.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 758 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 2013 года № 852 "Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 50, ст. 696) следующее изменение:

      в Правилах оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и удостоверения беженца, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. По желанию физического лица вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства выдаются в ускоренном порядке до семи рабочих дней со дня оформления.

      Паспорт гражданина Республики Казахстан, удостоверение личности гражданина Республики Казахстан выдаются в ускоренном порядке со дня оформления в городах Астане, Алматы, Актобе, Шымкенте – до одного рабочего дня, в областных центрах – до трех рабочих дней, в районах и городах областей – до семи рабочих дней.

      По желанию граждан Республики Казахстан документы, удостоверяющие личность, также выдаются в ускоренном порядке до трех рабочих дней (в городах Астане, Алматы, Актобе, Шымкенте) и до пяти рабочих дней (в областных центрах) со дня оформления.

      Оплата за ускоренную выдачу документа, удостоверяющего личность, производится через банковские учреждения и иные организации, осуществляющие кассовые операции.

      При оформлении документа, удостоверяющего личность, посредством информационной системы "Регистрационный пункт "Документирование и регистрация населения" (далее – РП ДРН) информация об оплате за ускоренное изготовление документов, удостоверяющих личность, из банковских учреждений в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения уполномоченного государственного органа поступает в автоматизированном режиме. При оформлении на бланке формуляра документ об оплате за ускоренную выдачу документа, удостоверяющего личность, представляется физическим лицом в уполномоченный государственный орган.

      Для изготовления документа, удостоверяющего личность (кроме удостоверения беженца), сотрудником уполномоченного органа заполняется формуляр. Форма и порядок оформления, заполнения, учета, хранения, передачи, расходования, уничтожения формуляра определяются Министерством внутренних дел Республики Казахстан.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 451 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 696-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі ресімделген күнінен бастап жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен беріледі.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделген күннен бастап жеделдетілген тәртіппен Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында – үш жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандары мен қалаларында – жеті жұмыс күніне дейін беріледі.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар да жеделдетілген тәртіппен ресімделген күнінен бастап үш жұмыс күніне дейін (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында) және бес жұмыс күніне дейін (облыс орталықтарында) беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжатты "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы ресімдеген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген түрде дайындағаны үшін төлем туралы ақпарат банк мекемелерінен уәкілетті мемлекеттік органның шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына автоматтандырылған режимде келіп түседі. Формуляр бланкісінде ресімдеу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төлеу туралы құжатты жеке тұлға уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжатты (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін уәкілетті органның қызметкері формуляр толтырады. Формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев