Об установлении цены сделки по возврату газа

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 августа 2018 года № 503

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 10 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года "О трансфертном ценообразовании", а также Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в газовой отрасли от 28 ноября 2001 года, Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в создании хозяйственного общества на базе Оренбургского газоперерабатывающего завода от 3 октября 2006 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить цену газа в размере 3660 российских рублей за 1000 кубических метров по сделке, заключаемой между товариществом с ограниченной ответственностью "КазРосГаз" и уполномоченной публичным акционерным обществом "Газпром" организацией – "GAZPROM Schweiz AG", при реализации переработанного газа Карачаганакского месторождения на экспорт в 2018 году путем обеспечения встречной поставки в объеме 219280080 кубических метров на условиях DAP граница Республика Казахстан/Российская Федерация, газоизмерительная станция "Александров Гай" в целях возмещения объемов российского газа, поставленных в период ноябрь – декабрь 2017 года для газоснабжения внутреннего рынка Республики Казахстан.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство энергетики Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

Газды қайтару жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 503 қаулысы.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен жабдықтау үшін
2017 жылғы қараша – желтоқсан кезеңінде жеткізілген Ресей газының көлемін өтеу мақсатында Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясының шекарасы, "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DAP шарттарында қарсы жеткізуді қамтамасыз ету жолымен 219280080 текше метр көлемінде Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 2018 жылы экспортқа өткізу кезінде "КазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Газпром" жария акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – "GAZPROM Schweiz AG" арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы 1000 текше метрі үшін 3660 ресей рублі болып белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев