О некоторых вопросах передачи в конкурентную среду акций акционерного общества "Национальная атомная компания "Казатомпром"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 октября 2018 года № 661.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 175 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", подпунктом 7) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 1 февраля 2012 года "О Фонде национального благосостояния", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2009 года № 1070 "Об утверждении перечней национальных институтов развития, национальных компаний и других юридических лиц, более пятидесяти процентов голосующих акций (долей участия) которых принадлежат акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" на праве собственности или доверительного управления, акции которых отчуждаются или передаются в доверительное управление по решению Правительства Республики Казахстан и решение о ликвидации, реорганизации которых принимается Правительством Республики Казахстан" и от 30 декабря 2015 года № 1141 "О некоторых вопросах приватизации на 2016 - 2020 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (далее – фонд) в установленном законодательством порядке произвести отчуждение простых акций акционерного общества "Национальная атомная компания "Казатомпром" (далее – компания) в количестве не более 64839152 (шестьдесят четыре миллиона восемьсот тридцать девять тысяч сто пятьдесят две) акций, что составляет не более 25 (двадцать пять) % от общего количества размещенных акций компании по цене, количеству и структуре, определяемым решением совета директоров фонда, утверждаемым решением единственного акционера фонда.

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 31, ст. 330) следующее изменение:

      в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты":

      строку, порядковый номер 1, изложить в следующей редакции:

      "

1.

75 % пакета акций АО "Национальная атомная компания "Казатомпром"

  ".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан Б. Сагинтаев

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелі ортаға берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 661 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 175-бабының 3-тармағына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы" 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 және "Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – компания) акцияларының жалпы орналастырылған акциялар санының 25 (жиырма бес) % аспайтын саны 64839152 (алпыс төрт миллион сегіз жүз отыз тоғыз мың бір жүз елу екі) аспайтын компанияның жай акцияларын қордың жалғыз акционерінің шешімімен бекітілетін, қордың директорлар кеңесінің шешімімен айқындалатын бағамен, санда және құрылым бойынша иеліктен шығарсын.

      2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ акциялар пакетінің 75%

  ".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев