О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2018 года № 688.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 55-56, ст. 544):

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      подпункты 114) и 115) исключить;

      подпункт 128) изложить в следующей редакции:

      "128) разрабатывает и утверждает правила определения предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан и предельных цен сжиженного нефтяного газа, реализуемого в рамках плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан вне электронных торговых площадок;";

      подпункты 139), 140) и 141) изложить в следующей редакции:

      "139) по согласованию с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий, в срок не позднее пятнадцатого мая утверждает предельные цены оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке на предстоящий год;

      140) по согласованию с уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий, в срок не позднее, чем за пятнадцать календарных дней до начала планируемого периода, утверждает предельные цены сжиженного нефтяного газа, реализуемого в рамках плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан вне электронных торговых площадок, на предстоящий квартал;

      141) осуществляет мониторинг производства, транспортировки (перевозки), хранения, отгрузки и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа;";

      дополнить подпунктами 143-1), 143-2), 143-3), 143-4), 143-5), 143-6), 143-7) и 143-8) следующего содержания:

      "143-1) разрабатывает и утверждает порядок представления сведений по мониторингу производства, транспортировки (перевозки), хранения, отгрузки и реализации товарного, сжиженного нефтяного и сжиженного природного газа;

      143-2) разрабатывает и утверждает правила формирования плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан;

      143-3) разрабатывает и утверждает правила организации и проведения торгов сжиженным нефтяным газом через электронные торговые площадки;

      143-4) формирует план поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан;

      143-5) разрабатывает и утверждает положение о комиссии по формированию плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан;

      143-6) разрабатывает и утверждает правила расчета и утверждения норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа;

      143-7) разрабатывает и утверждает типовое положение о комиссии по формированию сводных заявок на поставку сжиженного нефтяного газа;

      143-8) утверждает перечень промышленных потребителей, использующих сжиженный нефтяной газ в качестве сырья для производства нефтегазохимической продукции;";

      подпункт 146) изложить в следующей редакции:

      "146) ведет учет и публикует на интернет-ресурсе перечень производителей сжиженного нефтяного газа, собственников сжиженного нефтяного газа, произведенного в процессе переработки принадлежащего им на праве собственности или иных законных основаниях углеводородного сырья, собственников сжиженного нефтяного газа, произведенного за пределами территории Республики Казахстан и ввезенного для потребления на территорию Республики Казахстан, газосетевых организаций, промышленных потребителей сжиженного нефтяного газа, владельцев газонаполнительных пунктов и автогазозаправочных станций;";

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 "Вопросы Министерства национальной экономики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 59-60, ст. 555):

      в Положении о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      подпункт 168) исключить;

      подпункт 294) изложить в следующей редакции:

      "294) согласование предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан и предельных цен сжиженного нефтяного газа, реализуемого в рамках плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан вне электронных торговых площадок;".

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2012 года № 927 "Об утверждении Правил расчета и утверждения норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 62, ст. 863).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца четвертого подпункта 1) пункта 1, который вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 688 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 554-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      114) және 115) тармақшалар алып тасталсын;

      128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "128) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      139), 140) және 141) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "139) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;

      140) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланып отырған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;

      141) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 143-1), 143-2), 143-3), 143-4), 143-5), 143-6), 143-7) және 143-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "143-1) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      143-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      143-3) электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      143-4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады;

      143-5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      143-6) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      143-7) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      143-8) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;";

      146) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "146) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің, газ желісі ұйымдарының, сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылардың, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары иелерінің есебін жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды;";

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      168) тармақша алып тасталсын;

      294) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "294) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын келісу;".

      2. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 927 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 863-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев