О некоторых вопросах акционерного общества "Казахстанский центр индустрии и экспорта "QazIndustry"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2019 года № 469.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 29.07.2019 № 546.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 3 апреля 2019 года "О специальных экономических и индустриальных зонах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.01.2024 № 45 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2010 года № 508 "О создании акционерного общества "Казахстанский институт развития индустрии" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 36, ст. 294) следующие дополнения:

      пункт 2 дополнить подпунктами 31) – 42) следующего содержания:

      "31) проведение мероприятий по продвижению экспорта отечественных обработанных товаров, услуг;

      32) взаимодействие с государственными органами, участниками (акционерами) управляющих компаний, управляющими компаниями специальных экономических и индустриальных зон, участниками специальных экономических и индустриальных зон по вопросам регистрации участников специальных экономических и индустриальных зон, финансирования и развития инфраструктуры специальных экономических и индустриальных зон;

      33) внесение в уполномоченный орган предложений по совершенствованию законодательства Республики Казахстан о специальных экономических и индустриальных зонах;

      34) доверительное управление долями участия в уставном капитале (акциями) управляющих компаний специальных экономических и индустриальных зон, принадлежащими государству;

      35) ведение единого реестра участников специальных экономических зон;

      36) выдача свидетельства, удостоверяющего регистрацию лица в качестве участника специальной экономической зоны;

      37) ведение единого реестра индустриальных зон;

      38) мониторинг выполнения условий договоров об осуществлении деятельности на территориях специальных экономических и индустриальных зон;

      39) мониторинг состояния объектов инфраструктуры специальных экономических и индустриальных зон;

      40) мониторинг достижения управляющей компанией специальной экономической или индустриальной зоны целевых индикаторов, заложенных в стратегии развития;

      41) оказание услуг по развитию и продвижению специальных экономических и индустриальных зон, в том числе:

      разработка и внедрение в управляющих компаниях специальных экономических и индустриальных зон модели управления, внутренних бизнес-процессов и корпоративных документов;

      выработка рекомендаций (предложений) по разработке стратегии развития специальных экономических и индустриальных зон, критериев отбора проектов для специальных экономических зон, планированию финансирования управляющих компаний специальных экономических и индустриальных зон, разработке планов финансирования (составление и консолидация бюджета) специальных экономических и индустриальных зон;

      обучение сотрудников управляющих компаний специальных экономических и индустриальных зон;

      проведение анализа рынка и консультация управляющих компаний специальных экономических и индустриальных зон по разработке маркетинговой стратегии специальных экономических и индустриальных зон;

      проведение целевого маркетинга;

      проведение анализа проектов;

      обеспечение продвижения отечественных специальных экономических и индустриальных зон на международном рынке;

      обеспечение информационного сопровождения деятельности потенциальных участников специальных экономических и индустриальных зон;

      оказание содействия в привлечении потенциальных инвесторов в специальные экономические и индустриальные зоны;

      42) оказание содействия в достижении целевых индикаторов стратегических документов уполномоченного органа.".

      3. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 310 "Об определении Единого координационного центра по специальным экономическим зонам в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 32-33, ст. 186);

      2) пункт 7 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2017 года № 100 "О переименовании акционерного общества "Национальное агентство по экспорту и инвестициям "KAZNEX INVEST" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 9-10, ст. 53).

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 469 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.07.2019 № 546 қаулысымен.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 31) – 42) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "31) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзу;

      32) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қатысушыларымен (акционерлерімен), басқарушы компанияларымен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасасу;

      33) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      34) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының мемлекетке тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерін (акцияларын) сенімгерлік басқару;

      35) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу;

      36) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру;

      37) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу;

      38) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;

      39) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін мониторингтеу;

      40) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының даму стратегиясында қаланған нысаналы индикаторларға қол жеткізуін мониторингтеу;

      41) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету бойынша қызметтер көрсету, оның ішінде:

      басқару, ішкі бизнес-процестер моделі мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына ендіру;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту стратегиясын, арнайы экономикалық аймақтар үшін жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды қаржыландыру жоспарларын әзірлеу (бюджетті жасау және шоғырландыру) бойынша ұсынымдарды (ұсыныстарды) тұжырымдау;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметкерлерін оқыту;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына консультация беру;

      нысаналы маркетинг жүргізу;

      жобаларға талдау жүргізу;

      отандық арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды халықаралық нарықта ілгерілетуді қамтамасыз ету;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз ету;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;

      42) уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жәрдем көрсету.".

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 310 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 32-33, 186-құжат);

      2) "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 9-10, 53-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин