О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт ботаники и фитоинтродукции" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2019 года № 951.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт ботаники и фитоинтродукции" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан" в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт ботаники и фитоинтродукции" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – институт).

      2. Определить Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении института.

      3. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) внесение на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан изменений в устав института;

      2) государственную перерегистрацию института в некоммерческом акционерном обществе "Государственная корпорация "Правительство для граждан";

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 декабря 2019 года № 951

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2006 года № 700 "Некоторые вопросы Министерства образования и науки Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 27, ст. 290):

      в перечне организаций, находящихся в ведении Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан:

      в разделе:

      "1. Республиканские государственные предприятия":

      строку, порядковый номер 16-16, исключить.

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 03.06.2022 № 361 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2017 года № 593 "Об утверждении перечня особо охраняемых природных территорий республиканского значения" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 42-43, ст. 290):

      в перечне особо охраняемых природных территорий республиканского значения, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Алматинская область" строку, порядковый номер 35, изложить в следующей редакции:

      "

35

Илийский ботанический сад

65

Балхашский район

Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

  ";

      в разделе "Город Алматы" строку, порядковый номер 38, изложить в следующей редакции:

      "

38

Главный ботанический сад (Институт ботаники и фитоинтродукции)

104

Город Алматы

Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

  ";

      дополнить разделом "Город Нур-Султан";

      раздел "Город Нур-Султан" дополнить строкой, порядковый номер 38-1, следующего содержания:

      "

38-1

Астанинский ботанический сад

46,3

Город Нур-Султан

Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

  ";

      в разделе "Карагандинская область" строку, порядковый номер 72, изложить в следующей редакции:

      "

72

Жезказганский ботанический сад

62

Город Жезказган

Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

  ".

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2019 г., № 26-27, ст. 236.):

      в Положении о Министерстве экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан и его ведомств:

      раздел "Перечень государственных учреждений, находящихся в ведении Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "Перечень подведомственных организаций Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан";

      дополнить подразделом следующего содержания:

      "Республиканские государственные учреждения";

      подраздел "Республиканские государственные предприятия":

      дополнить строкой, порядковый номер 11, следующего содержания:

      "11. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт ботаники и фитоинтродукции" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.".

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 951 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – институт) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті институтқа қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) институттың жарғысына енгізілетін өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында институттың мемлекеттік қайта тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 951 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      мына:

      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 16-6-жол алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Алматы облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Іле ботаникалық бағы

65

Балқаш ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ";

      "Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Бас ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты)

104

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ";

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөліммен толықтырылсын;

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлім мынадай редакциядағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:

      "

38-1

Астана ботаникалық бағы

46,3

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ";

      "Қарағанды облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

72

Жезқазған ботаникалық бағы

62

Жезқазған қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ".

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі";

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Республикалық мемлекеттік мекемелер";

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген кіші бөлім:

      мынадай редакциядағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:

      "11. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.".