О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в государствах-членах Евразийского экономического союза

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 25.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 28 "Об утверждении Правил реализации расширенных обязательств производителей (импортеров)" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 3-4, ст. 18) следующие дополнения:

      в Правилах реализации расширенных обязательств производителей (импортеров), утвержденных указанным постановлением:

      пункт 20 дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "В отношении автотранспортных средств, ввезенных гражданами Республики Казахстан из государств-членов Евразийского экономического союза в Республику Казахстан до 1 февраля 2020 года, плата вносится до 1 марта 2021 года.";

      пункт 22 дополнить абзацем следующего содержания:

      "Документ, подтверждающий исполнение расширенных обязательств производителями (импортерами) при первичной регистрации автотранспортных средств, ввезенных гражданами Республики Казахстан из государств-членов Евразийского экономического союза в Республику Казахстан до 1 февраля 2020 года, представляется в уполномоченный орган по обеспечению безопасности дорожного движения до 1 марта 2021 года.".

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан до 1 марта 2020 года в установленном законодательством порядке принять меры по:

      1) регистрации автотранспортных средств, ввезенных до 1 февраля 2020 года гражданами Республики Казахстан из государств-членов Евразийского экономического союза в Республику Казахстан, соответствующих требованиям технического регламента Евразийского экономического союза "О безопасности колесных транспортных средств" (Решение Комиссии таможенного союза от 9 декабря 2011 года № 877);

      2) установлению срока действия свидетельства о регистрации указанной категории автотранспортных средств до 1 марта 2021 года;

      3) направлению в Министерство финансов Республики Казахстан информации по регистрации автотранспортных средств, ввезенных до 1 февраля 2020 года гражданами Республики Казахстан из государств-членов Евразийского экономического союза в Республику Казахстан.

      3. Министерствам финансов, внутренних дел, юстиции, экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и действует до 1 марта 2021 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 25 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 18-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында:

      20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізіледі.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады.";

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2020 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламентінің (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімі) талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдарын тіркеу;

      2) көрсетілген санаттағы автокөлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің жарамдылық мерзімін 2021 жылғы 1 наурызға дейін белгілеу;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген көлік құралдарын тіркеу жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберу бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ішкі істер, Әділет, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин