О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2014 года № 1291 "Об утверждении Правил изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения вещественных доказательств, изъятых документов, денег в национальной и иностранной валюте, наркотических средств, психотропных веществ по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 171.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2014 года № 1291 "Об утверждении Правил изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения вещественных доказательств, изъятых документов, денег в национальной и иностранной валюте, наркотических средств, психотропных веществ по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы" (САПП Республики Казахстан, 2014 год, № 79, ст. 683) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения вещественных доказательств, изъятых документов, денег в национальной и иностранной валюте, наркотических средств, психотропных веществ по уголовным делам судом, органами прокуратуры, уголовного преследования и судебной экспертизы, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. При вынесении решения о прекращении уголовного дела или приговора решается вопрос о вещественных доказательствах. При этом:

      1) орудия и (или) средства совершения уголовного правонарушения, принадлежащие лицу, совершившему уголовное правонарушение, подлежат конфискации на основании статьи 48 Уголовного кодекса Республики Казахстан;

      2) орудия и (или) средства совершения уголовного правонарушения, принадлежащие на законных основаниях лицу, которое не знало либо не должно было знать о противоправных целях использования его имущества, подлежат возвращению этому лицу;

      3) в иных случаях орудия и (или) средства совершения уголовного правонарушения передаются в соответствующие учреждения определенным лицам или уничтожаются;

      4) вещи, запрещенные к обращению или ограниченные в обращении, подлежат передаче в соответствующие учреждения или уничтожаются;

      5) вещи, не представляющие ценности и которые не могут быть использованными, подлежат уничтожению, а в случае ходатайства заинтересованных лиц или учреждений могут быть выданы им;

      6) деньги и иное имущество, добытые преступным путем либо приобретенные на средства, добытые преступным путем, за исключением имущества и доходов от него, подлежащих возвращению законному владельцу, а также предметы незаконного предпринимательства и контрабанды по решению суда подлежат обращению в доход государства; остальные вещи выдаются законным владельцам, а при неустановлении последних переходят в собственность государства. В случае спора о принадлежности этих вещей, спор подлежит разрешению в порядке гражданского судопроизводства;

      7) документы, являющиеся вещественными доказательствами, остаются при деле в течение всего срока хранения последнего либо передаются заинтересованным физическим или юридическим лицам в порядке, предусмотренном частью четвертой статьи 120 УПК.";

      пункт 47 изложить в следующей редакции:

      "47. Вещественные доказательства, хранение которых требует значительных материальных затрат, если не могут быть возвращены владельцу либо в случае неустановления их владельца, реализуются по постановлению судьи (суда) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке с внесением полученных сумм на контрольный счет наличности временного размещения денег (депозит) органа, ведущего досудебное расследование.";

      дополнить пунктом 47-1 в следующей редакции:

      "47-1. При наличии оснований использованные или реализованные вещественные доказательства возмещаются владельцу предметами того же рода и качества или последнему уплачивается их стоимость за счет государственного бюджета по решению суда.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 171 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 683-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім немесе үкiм шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiледі. Бұл ретте:

      1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі қылмыстық құқық бұзушылық құралдары және (немесе) заттары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының негізінде тәркілеуге жатады;

      2) өз мүлкінің құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылғанын білмеген не білуге тиіс болмаған адамға заңды негіздерде тиесілі қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы және (немесе) заты осы адамға кері қайтарылуға жатады;

      3) өзге жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралдары немесе заттары тиісті мекемелерге, белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады;

      4) ұстауға тыйым салынған немесе ұстауға шектеу қойылған заттар тиiстi мекемелерге берілуге жатады немесе жойылады;

      5) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалардың немесе мекемелердің өтінішхаты болған жағдайда, оларға берiлуi мүмкiн;

      6) қылмыстық жолмен алынған не заңды иесіне қайтарылуға тиіс мүлік пен одан түсетін кірістерді қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған ақша және сондай қаражатқа сатып алынған өзге де мүлік, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiк және контрабанда заттары соттың шешiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал иелері анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне өтеді. Бұл заттардың тиесiлiгi туралы дау туындаған жағдайда дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешілуге жатады;

      7) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар дәлелдемелерді сақтаудың бүкіл мерзiмi iшiнде іспен бiрге қалады не ҚПК-нiң 120-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртiппен мүдделi жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Егер сақталуы қомақты материалдық шығындарды талап ететін заттай дәлелдемелерді иесіне қайтару мүмкін болмаса не олардың иесі анықталмаған жағдайда судьяның (соттың) қаулысы бойынша олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі, алынған сома сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына (депозитіне) салынады.";

      мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

      "47-1. Пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер негіздер болған кезде иесіне түрі мен сапасы дәл сондай заттармен өтеледі немесе соңғысына сот шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин