О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1219 "Об утверждении Правил принятия, хранения, реализации и обращения залога в доход государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 апреля 2020 года № 212.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1219 "Об утверждении Правил принятия, хранения, реализации и обращения залога в доход государства" (САПП Республики Казахстан, 2014 год, № 71, ст. 649) следующие изменения и дополнения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства.";

      в Правилах принятия, хранения, реализации и обращения залога в доход государства, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 145 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года (далее – УПК) и определяют порядок принятия, оценки, хранения, возврата, реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства.";

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) залог – мера пресечения, которая состоит во внесении самим подозреваемым, обвиняемым, подсудимым либо другим лицом на депозит суда денег, либо в орган, ведущий уголовный процесс, ценностей, движимого и недвижимого имущества, принимаемых в обеспечение выполнения подозреваемым, обвиняемым, подсудимым обязанностей по явке к лицу, осуществляющему досудебное расследование, прокурору или в суд по их вызову, а также в целях предупреждения совершения ими новых умышленных уголовных правонарушений;";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. В качестве залога с согласия залогодателя может быть предоставлено иное имущество, стоимость которого превышает максимальный размер залога по соответствующей категории преступления, согласно части 3 статьи 145 УПК.";

      дополнить пунктом 5-2 в следующей редакции:

      "5-2. Доказывание ценности залога и отсутствие обременений возлагаются на залогодателя.";

      заголовок главы "Порядок хранения залога" изложить в следующей редакции:

      "3. Порядок хранения залога";

      заголовок главы "Порядок реализации и обращения залога" изложить в следующей редакции:

      "4. Порядок возврата залога";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Предмет залога немедленно возвращается залогодателю в случаях:

      1) если подозреваемый, обвиняемый не нарушили возложенные на них обязанности, но в отношении подозреваемого, обвиняемого применена более строгая мера пресечения;

      2) вынесения приговора или постановления о прекращении уголовного дела либо уголовного преследования в отношении подозреваемого, обвиняемого, подсудимого;

      3) письменного обращения лица, внесшего залог за подозреваемого, обвиняемого, о том, что он не в состоянии в дальнейшем обеспечивать выполнение подозреваемым, обвиняемым обязанностей по явке в орган, ведущий уголовный процесс, и подозреваемый, обвиняемый не нарушили указанные обязанности;

      4) изменения меры пресечения на менее строгую.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Возврат залога в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 3) и 4) пункта 16 Правил, осуществляется на основании постановления следственного судьи при отмене или изменении меры пресечения в виде залога в соответствии с частью 5 статьи 153 УПК.

      Возврат залога при прекращении уголовного дела или уголовного преследования на стадии досудебного расследования осуществляется по постановлению лица, осуществляющего досудебное расследование, с согласия прокурора.

      В случае прекращения уголовного дела на стадии судебного разбирательства возврат залога осуществляется по постановлению суда.

      Возврат залога с депозита суда осуществляется на основании заявления залогодателя на имя руководителя канцелярии суда о возврате залога.

      К заявлению прилагаются:

      1) копия документа, подтверждающего личность залогодателя;

      2) оригинал справки из банка второго уровня о наличии текущего счета;

      3) копия приговора суда или постановления следственного судьи об отмене или изменении меры пресечения либо постановления лица, осуществляющего досудебное расследование об отмене меры пресечения, согласованного с прокурором.

      Заявление о возврате залога рассматривается судом в течение трех рабочих дней.

      Возврат залога (перечисление) осуществляется в течение пяти рабочих дней.

      В случае вынесения обвинительного приговора, которым суд отменил меру пресечения, предмет залога возвращается после вступления приговора в законную силу.

      При этом, возврат залога с депозита суда осуществляется в порядке, предусмотренном настоящим пунктом. Снятие ареста с имущества и возврат иного имущества осуществляется в течение трех рабочих дней.";

      дополнить главой 5 следующего содержания:

      "5. Порядок реализации, обращения взыскания на предмет залога и обращения залога в доход государства";

      дополнить пунктами 18, 19 и 20 в следующей редакции:

      "18. В случаях, если залогодателями являются подозреваемый, обвиняемый, суд, рассматривая вопрос о судьбе залога при наличии гражданского иска, процессуальных издержек и необходимости иных имущественных взысканий, вправе по ходатайству прокурора принять решение об обращении взыскания на предмет залога либо его часть.

      Обращение взыскания на предмет залога, внесенного залогодателем, не являющимся подозреваемым, обвиняемым, может быть произведено только с его согласия.

      19. В случае неисполнения без уважительных причин подозреваемым, обвиняемым обязательств, обеспеченных залогом, прокурор направляет следственному судье ходатайство об обращении залога в доход государства.

      По результатам рассмотрения ходатайства прокурора суд принимает соответствующее решение, которое может быть обжаловано залогодателем в вышестоящий суд в порядке, предусмотренном статьей 107 УПК.

      20. Реализация залогового имущества в доход государства осуществляется на основании судебного акта. Исполнение судебного акта об обращении залогового имущества в доход государства производится судебными исполнителями в порядке, установленном законодательством об исполнительном производстве.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 212 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 жыл, № 71, 649-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айландыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 145-бабына сәйкес әзірленді және кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жасылсын:

      "1) кепіл – күдіктінің, айыпталушының, сотталушының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға немесе сотқа олардың шақыртуы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауының алдын алу мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өзiнің не басқа тұлғаның сот депозитiне ақша не қылмыстық процесті жүргізетін органға құндылықтарды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті енгізуінен тұратын бұлтартпау шарасы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Кепіл ретінде кепіл берушінің келісімімен ҚПК-нің 145-бабының 3-бөлігіне сәйкес құны қылмыстың тиісті санаты бойынша кепілдің ең жоғары мөлшерінен асатын өзге мүлік берілуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:

      "5-2. Кепілдің құндылығын және ауыртпалықтардың жоқ екенін дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі.";

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;

      "4. Кепілді өткізу және айналдыру тәртібі" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кепілді қайтару тәртібі";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мынадай:

      1) егер күдікті, айыпталушы өзіне жүктелген міндеттерді бұзбаса, бірақ күдіктіге, айыпталушыға қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылса;

      2) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарылған;

      3) күдікті, айыпталушы үшін кепіл енгізген адам күдіктінің, айыпталушының қылмыстық процесті жүргізуші органға келу жөніндегі міндеттерін одан әрі орындауын қамтамасыз етуге шамасы жоқ екені және күдікті, айыпталушы аталған міндеттерді бұзбағандығы туралы жазбаша өтініш берген;

      4) бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түріне өзгерген жағдайларда кепіл нысанасы кепіл берушіге дереу қайтарылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қағидалардың 16-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда кепілді қайтару ҚПК-нің 153-бабының 5-бөлігіне сәйкес кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын жою немесе өзгерту кезінде тергеу судьясының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс немесе қылмыстық қудалау тоқтатылған кезде кепілді қайтару прокурордың келісімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

      Қылмыстық іс сот талқылауы сатысында тоқтатылған жағдайда кепілді қайтару сот қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

      Сот депозитінен кепілді қайтару кепіл берушінің сот кеңсесі басшысының атына кепілді қайтару туралы өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінішке:

      1) кепіл берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктен анықтаманың түпнұсқасы;

      3) сот үкімінің немесе бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту туралы тергеу судьясы қаулысының не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурормен келісілген бұлтартпау шарасының күшін жою туралы қаулысының көшірмесі қоса беріледі.

      Кепілді қайтару туралы өтінішті сот үш жұмыс күні ішінде қарайды.

      Кепілді қайтару (аудару) бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Сот бұлтартпау шарасын жойған айыптау үкімі шығарылған жағдайда, кепіл нысаны үкім заңды күшіне енгеннен кейін қайтарылады.

      Бұл ретте сот депозитінен кепілді қайтару осы тармақта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Мүліктен тыйым салуды алып тастау және өзге мүлікті қайтару үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "5. Кепіл нысанын өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 18, 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:

      "18. Егер күдікті, айыпталушы кепіл беруші болып табылса, сот азаматтық талап қою, процестік шығындар және өзге де мүліктік өндіріп алу қажеттігі болған кезде кепіл тағдыры туралы мәселені қарай отырып, прокурордың өтінішхаты бойынша кепіл нысанына не оның бір бөлігіне өндіріп алуды қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Күдікті, айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші енгізген кепіл нысанына өндіріп алуды қолдану оның келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.

      19. Күдікті, айыпталушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда прокурор тергеу судьясына кепілді мемлекет кірісіне айналдыру туралы өтінішхат жібереді.

      Сот прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдайды, оған кепіл беруші ҚПК-нің 107-бабында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасауы мүмкін.

      20. Кепіл мүлкін мемлекет кірісіне өткізу сот актісінің негізінде жүзеге асырылады. Кепіл мүлкін мемлекет кірісіне айналдыру туралы сот актісін орындауды атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен сот орындаушылары жүргізеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин