Об утверждении Правил (методики) ценообразования на товары, выработанные из нефти

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 299.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 10 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года "О трансфертном ценообразовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила (методику) ценообразования на товары, выработанные из нефти.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и распространяется на поставки (отгрузки) товаров, выработанных из нефти, осуществленные в период с 15 марта 2020 года до 30 июня 2020 года включительно.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
  постановлением Правительства
  Республики Казахстан
  от 14 мая 2020 года № 299

Правила (методика) ценообразования на товары, выработанные из нефти

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила (методика) ценообразования на товары, выработанные из нефти (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 3) пункта 10 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года "О трансфертном ценообразовании" (далее – Закон) и устанавливают порядок расчета ценообразования на товары, выработанные из нефти.

      2. Настоящие Правила применяются в отношении сделок, совершаемых в соответствии с договорами купли-продажи товаров, выработанных из нефти, подпадающих под контроль при трансфертном ценообразовании (далее – договор).

      3. В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:

      1) источники информации – публикации под заголовками Argus Рынок Каспия издательства Argus Media Limited и "Топливный рынок Центральной Азии" издательства Томсон Рейтерс;

      2) цена сделки – цена товара (работы, услуги), применяемая участниками сделок при совершении сделки, регулируемой Законом;

      3) товары, выработанные из нефти, – бензин, авиационное и дизельное топливо, мазут, вакуумный газойль (кода ТН ВЭД 2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 419 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 510 0, 2710 12 590 0, 2710 19 421 0 0, 2710 19 422 0, 2710 19 423 0, 2710 19 424 0, 2710 19 425 0, 2710 19 210 0, 2710 19 620 1, 2710 19 640 1, 2710 19 660 1, 2710 19 680 1, 2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9);

      4) рыночная цена – цена товара (работы, услуги), сложившаяся при взаимодействии спроса и предложения на рынке идентичных (а при их отсутствии – однородных) товаров (работ, услуг) в сопоставимых экономических условиях, определяемых в соответствии с принципом "вытянутой руки".

Глава 2. Порядок определения цены сделки (реализации) на товары, выработанные из нефти

      4. Для договоров, в том числе по поставкам по фиксированной цене, рыночная цена определяется по следующей формуле:

      P = Pист – D,

      где:

      P – рыночная цена на товары, выработанные из нефти;

      Pист – цена из ряда значений цен от минимального до максимального на соответствующий товар, выработанный из нефти, публикуемая в источнике информации цен за пятнадцать календарных дней до и пятнадцать календарных дней после даты подписания приложения и/или дополнительного соглашения к договору;

      D – дифференциал, учитываемый в зависимости от условий поставки, определенных в договоре, и применяемый для приведения в сопоставимые экономические условия цены сделки на товары, выработанные из нефти, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о трансфертном ценообразовании.

      5. В целях приведения в сопоставимые экономические условия цены сделки в дифференциал включаются обоснованные и подтвержденные документально в соответствии с законодательством Республики Казахстан о трансфертном ценообразовании фактические расходы по доставке товаров, выработанных из нефти, от базиса поставки, определенного в договоре, где происходит реализация (переход права собственности) товаров, выработанных из нефти, до рынка назначения (пункта поставки).

      6. В случае реализации товаров, выработанных из нефти, по фиксированной цене на рынки, по которым отсутствует информация о ценах в источниках информации, для определения рыночной цены допускается использование цен/котировок на европейском и (или) на ближнем географическом рынке, опубликованных в официальных источниках информации, с учетом цены из ряда значения цен от минимального до максимального на соответствующий товар, выработанный из нефти, за пятнадцать календарных дней до и пятнадцать календарных дней после даты подписания приложения и/или дополнительного соглашения к договору.

Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 299 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 15 наурыздан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңде жүзеге асырылған мұнайдан жасалған тауарларды жеткізуге (тиеп-жөнелтуге) қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 14 мамырдағы
№ 299 қаулысымен
бекітілген

Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеуді есептеу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалар трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға жататын мұнайдан жасалған тауарларды сатып алу-сату шарттарына (бұдан әрі – шарт) сәйкес жасалатын мәмілелерге қатысты қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ақпарат көздері – Argus Media Limited басылымының Argus Каспий нарығы және Томсон Рейтерс басылымының "Орталық Азияның отын нарығы" тақырыптарындағы жарияланымдар;

      2) мәміле бағасы – Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;

      3) мұнайдан жасалған тауарлар – бензин, авиациялық және дизель отыны, мазут, вакуумдық газойль (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 419 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 510 0, 2710 12 590 0, 2710 19 421 0 0, 2710 19 422 0, 2710 19 423 0, 2710 19 424 0, 2710 19 425 0, 2710 19 210 0, 2710 19 620 1, 2710 19 640 1, 2710 19 660 1, 2710 19 680 1, 2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9);

      4) нарықтық баға – "қол созу" принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.

2-тарау. Мұнайдан жасалған тауарларға мәміле (сату) бағасын анықтау тәртібі

      4. Тіркелген баға бойынша жеткізулерді қоса алғанда, шарттар үшін нарықтық баға мынадай формула бойынша анықталады:

      P = Pақп.көзі – D,

      мұнда:

      P – мұнайдан жасалған тауарларға нарықтық баға;

      Pақп.көзі – мұнайдан жасалған тиісті тауарға ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі бағалардың бірқатар мәнінен алынатын, шартқа қосымшаға және/немесе қосымша келісімге қол қойған күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын және күнтізбелік он бес күннен кейін ақпарат көзінде жарияланатын баға;

      D – шартта анықталған жеткізу жағдайларына байланысты ескерілетін, трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдан жасалған тауарларға мәміле бағасын салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

      5. Мәміле бағасын салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында дифференциалға трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдан жасалған тауарларды сату (меншік құқығының ауысуы) жүргізілетін мұнайдан жасалған тауарларды шартта белгіленген жеткізу базисінен межелі нарыққа (жеткізу орнына) дейін жеткізу бойынша негізделген және құжаттамалық немесе ақпарат көздерімен расталған нақты шығыстар қосылады.

      6. Мұнайдан жасалған тауарлар ақпарат көздерінде бағалар туралы ақпарат жоқ нарықтарға бекітілген баға бойынша сатылған жағдайда, нарықтық бағаны анықтау үшін шартқа қосымшаға және/немесе қосымша келісімге қол қойылған күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын және күнтізбелік он бес күннен кейін мұнайдан жасалған тиісті тауарға ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі бағалардың бірқатар мәнінен алынатын бағаны ескере отырып, ресми ақпарат көздерінде жарияланған еуропалық нарықтағы және (немесе) жақын географиялық нарықтағы бағаларды/баға белгіленімдерін пайдалануға жол беріледі.