О некоторых вопросах ввоза в Республику Казахстан и эксплуатации гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в Республике Армения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2020 года № 306.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерству внутренних дел Республики Казахстан до 1 марта 2023 года в установленном законодательством порядке принять меры по:

      1) регистрации транспортных средств с левосторонним расположением органов управления, зарегистрированных на граждан Республики Казахстан в уполномоченных органах Республики Армения и ввезенных в Республику Казахстан до 1 февраля 2020 года, с уплатой сбора за государственную регистрацию в соответствии с подпунктом 1.1 пункта 4 статьи 553 Налогового кодекса Республики Казахстан и государственных пошлин в соответствии со статьей 615 Налогового кодекса Республики Казахстан;

      2) утверждению типа государственных регистрационных номерных знаков, присваиваемых при регистрации транспортных средств, указанных в подпункте 1) пункта 1 настоящего постановления;

      3) обеспечению совершения регистрационных действий в отношении зарегистрированных транспортных средств, указанных в подпункте 1) пункта 1 настоящего постановления, в случаях принятия собственником решения о его первичной регистрации либо вывозе за пределы Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 02.09.2020 № 553 (вводится в действие с 01.09.2020); от 27.02.2021 № 104 (вводится в действие с 01.03.2021); от 24.03.2022 № 156 (вводится в действие с 01.03.2022).

      2. Министерству цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан при осуществлении регистрации транспортного средства обеспечить хранение до востребования собственниками оригиналов регистрационных документов и государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств, выданных уполномоченными органами Республики Армения и их выдачу, в случае вывоза транспортных средств, указанных в подпункте 1) пункта 1 настоящего постановления, за пределы Республики Казахстан.

      3. Министерствам финансов, индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить возможность уплаты налоговых обязательств и прохождения обязательного технического осмотра собственникам зарегистрированных транспортных средств, указанных в подпункте 1) пункта 1 настоящего постановления.

      4. Министерству информации и общественного развития Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами обеспечить проведение разъяснительной работы по отсутствию ограничений в эксплуатации зарегистрированных транспортных средств, указанных в подпункте 1) пункта 1 настоящего постановления, до принятия собственником решения о его первичной регистрации либо вывозе за пределы Республики Казахстан.

      5. Министерствам финансов, экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами обеспечить проведение разъяснительной работы по отсутствию необходимости уплаты таможенных пошлин, сборов за первичную регистрацию и платы за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов в рамках расширенных обязательств производителей (импортеров) до принятия собственником зарегистрированного транспортного средства, указанного в подпункте 1) пункта 1 настоящего постановления, решения о его первичной регистрации.

      6. Министерствам финансов и внутренних дел Республики Казахстан принять установленные законодательством меры в отношении лиц, осуществивших ввоз в Республику Казахстан транспортных средств из Республики Армении после 1 февраля 2020 года с нарушением права Евразийского экономического союза и законодательства Республики Казахстан.

      7. Генеральной прокуратуре (по согласованию) и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) до 1 декабря 2021 года обеспечить интеграцию ведомственных информационных систем "Единый реестр административных производств" и "Беркут" для организации доступа органам внутренних дел к сведениям о пересечении государственных границ Республики Казахстан транспортными средствами, зарегистрированными в уполномоченных органах других стран, данным по их владельцам и лицам, ими управляющими.

      8. Министерствам внутренних дел, финансов, индустрии и инфраструктурного развития, экологии, геологии и природных ресурсов, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      9. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2023 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай шаралар қабылдасын:

      1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағының 1.1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін алым мен Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баждар төлей отырып, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу;

      2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу кезінде берілетін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің типін бекіту;

      3) меншік иесі осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралдарын бастапқы тіркеу не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда оған қатысты тіркеу іс-әрекеттерін жасауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2020 № 553 (01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2021 № 104 (01.03.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi); 24.03.2022 № 156 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік құралын тіркеуді жүзеге асыру кезінде Армения Республикасының уәкілетті органдары берген көлік құралдарын тіркеу құжаттарының түпнұсқаларын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін меншік иелері сұрағанға дейін сақтауды және осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылған жағдайда оларды беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралдары меншік иелерінің салық міндеттемелерін төлеу және міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік иесі оны бастапқы тіркеу не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдағанға дейін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралдарын пайдалануға шектеулердің жоқ екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, тіркелген көлік құралының меншік иесі оны бастапқы тіркеу туралы шешім қабылдағанға дейін кедендік баждарды, бастапқы тіркеу үшін алымдарды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемді төлеу қажеттігінің жоқ екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы және Ішкі істер министрліктері Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін Қазақстан Республикасына Армения Республикасынан көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған адамдарға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдасын.

      7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісу бойынша) және Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін ішкі істер органдарының басқа елдердің уәкілетті органдарында тіркелген көлік құралдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы мәліметтерге, олардың иелері және оларды жүргізетін адамдар туралы деректерге қолжетімділігін ұйымдастыру үшін "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" және "Бүркіт" ведомстволық ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз етсін.

      8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин