О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 2020 года № 327. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 января 2024 года № 45.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.01.2024 № 45 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 5, ст. 88) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденных указанным постановлением:

      наименование главы первой изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) государственный жилищный фонд – жилища, принадлежащие коммунальному жилищному фонду, жилищному фонду государственных предприятий либо жилищному фонду государственных учреждений и входящие в состав республиканского или коммунального имущества;";

      наименование главы второй изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок предоставления жилища из государственного жилищного фонда или арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде";

      пункт 6-1 изложить в следующей редакции:

      "6-1. Жилища из жилищного фонда государственных учреждений предоставляются в пользование нуждающимся в жилье в данном населенном пункте работникам данного учреждения, за исключением случаев, предусмотренных пунктами 6-2, 6-5 и 6-6 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 6-6 следующего содержания:

      "6-6. Жилища из жилищного фонда коммунального государственного учреждения в сфере учета и содержания жилищного фонда города Нур-Султана предоставляются в пользование нуждающимся в жилье в данном населенном пункте государственным служащим и работникам бюджетных организаций.

      Государственные органы и бюджетные организации города Нур-Султана направляют в коммунальное государственное учреждение в сфере учета и содержания жилищного фонда города Нур-Султана утвержденные жилищной комиссией списки нуждающихся в жилище.";

      в пункте 9:

      подпункты 5) и 7) исключить;

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, сведения об адресе на всех членов семьи жилищная комиссия получает посредством информационных систем.";

      наименование главы третьей изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 327 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 88-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:

      бірінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;";

      екінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру тәртібі";

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы Қағидалардың 6-2, 6-5 және 6-6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы мекеменің осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-6-тармақпен толықтырылсын:

      "6-6. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қорын есепке алу және ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдары мен бюджеттік ұйымдары тұрғын үй комиссиясы бекіткен тұрғынжайға мұқтаж адамдар тізімін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қорын есепке алу және ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекемеге жібереді.";

      9-тармақта:

      5) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді тұрғын үй комиссиясы ақпараттық жүйелер арқылы алады.";

      үшінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану тәртібі".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин