О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2020 года № 592.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 55-56, ст. 544) следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      функции центрального аппарата:

      дополнить подпунктами 219-1) и 219-2) следующего содержания:

      "219-1) утверждает правила технологического присоединения к электрическим сетям энергопередающих организаций;

      219-2) утверждает типовой договор технологического присоединения электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций;";

      функции ведомств:

      дополнить подпунктами 21-1) и 21-2) следующего содержания:

      "21-1) разрабатывает правила технологического присоединения к электрическим сетям энергопередающих организаций;

      21-2) разрабатывает типовой договор технологического присоединения электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 592 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 219-1) және 219-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "219-1) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын бекiтедi;

      219-2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын бекітеді;";

      ведомстволардың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21-1) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын әзірлейді;

      21-2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин