Об определении уполномоченной организации на получение денежного эквивалента за нереализованный исходный материал

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2020 года № 615

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный ядерный центр Республики Казахстан" Министерства энергетики Республики Казахстан (далее – организация) уполномоченной организацией Республики Казахстан на получение денежного эквивалента, являющегося доходом Республики Казахстан, за нереализованный исходный материал в рамках реализации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года.

      2. Организации заключить договор о перечислении денежного эквивалента стоимости нереализованного исходного материала (далее – договор) с российской уполномоченной организацией.

      3. В договоре определить следующую формулу стоимости нереализованного исходного материала:

      P = V * PUF6 *(100%-D)/100%

      где:

      P – стоимость нереализованного исходного материала;

      V – объем нереализованного исходного материала;

      PUF6 – среднее арифметическое значение спотовых цен на гексафторид урана (UF6) в долларах США за килограмм (UF6 spot) за последние 5 месяцев.

      Для определения цены за килограмм материала используются котировки двух специализированных агентств (UxC и TradeTech) из перечня официально признанных источников информации о рыночных ценах, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2009 года № 292.

      D – согласованная величина в размере 5,5 %, учитывающая затраты на хранение нереализованного исходного материала с 1 января 2014 года, а также расходы, связанные с имеющимися ограничениями на материал, условные расходы и другое.

      4. Организации после получения денежного эквивалента за нереализованный исходный материал в течение одного рабочего дня перечислить указанный эквивалент в доход республиканского бюджета согласно классификации поступлений бюджета Единой бюджетной классификации Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

Іске асырылмаған бастапқы материал үшін ақша баламасын алуға уәкілетті ұйымды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қыркүйектегі № 615 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ұйым) 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімді іске асыру шеңберінде іске асырылмаған бастапқы материал үшін Қазақстан Республикасының кірісі болып табылатын ақша баламасын алуға Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы болып айқындалсын.

      2. Ұйым ресейлік уәкілетті ұйыммен іске асырылмаған бастапқы материал құнының ақшалай баламасын аудару туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасын.

      3. Шартта іске асырылмаған бастапқы материал құнының мынадай формуласы айқындалсын:


      P = V * PUF6 *(100%—D)/100%

      мұнда:

      P – іске асырылмаған бастапқы материалдың құны;

      V – іске асырылмаған бастапқы материал көлемі;

      PUF6 –уран гексафторидінің (UF6) бір килограмы үшін (UF6 spot) соңғы 5 айдағы споттық бағаларының АҚШ долларымен орташа арифметикалық мәні.

      Материалдың бір килограмының бағасын айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінен екі мамандандырылған агенттіктің (UxC және TradeTech) баға белгіленімдері пайдаланылады.

      D – 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылмаған бастапқы материалды сақтау шығындары, сондай-ақ материал бойынша шектеулерге байланысты шығыстар, шартты шығыстар және басқалар ескерілетін 5,5 % мөлшеріндегі келісілген шама.

      1. Ұйым іске асырылмаған бастапқы материал үшін ақшалай баламаны алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдерінің сыныптамасына сәйкес көрсетілген баламаны республикалық бюджеттің кірісіне аударсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин